10-бап. Әлеуметтік қорғалу құқығы Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі
1. Осы Кодексте белгіленген жағдайлар туындаған кезде адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік қорғау:
1) балалы отбасыларды әлеуметтік қорғау;
2) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету шаралары, сондай-ақ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысқан жағдайда жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер;
3) жан басына шаққандағы орташа кірісі кедейлік шегінен аспайтын адамдарға (отбасыларға) атаулы әлеуметтік көмек;
4) арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтер ұсынылуға мұқтаж деп танылған адамдарға (отбасыларға) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету;
5) мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау;
6) осы Кодекске және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төлеу арқылы азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек;
6-1) еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау;
7) зейнетақымен қамсыздандыру;
8) асыраушысынан айырылған адамдарды әлеуметтік қорғау;
9) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алушы немесе мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды алушы қайтыс болған жағдайда оның отбасына не жерлеуді жүзеге асырған адамға жерлеуге арналған біржолғы төлем түрінде беріледі.
1-1. Әлеуметтік қорғау шаралары осы Кодекстің 6-бабында айқындалған қағидаттар негізінде ұсынылады.
1-2. Әлеуметтік қорғау шараларынан үміткер, оларды алатын, сондай-ақ оларды тағайындауға қайта жүгінген адамдар (отбасы), отбасы мүшелері, үй шаруашылығы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісу бойынша уәкілетті мемлекеттік орган айқындайтын мерзімде және тәртіппен банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді, сондай-ақ мемлекет қатысатын кредиттік бюродан кредиттер бойынша берешек сомасы, кредиттер бойынша мерзімдік (ай сайынғы) төлем, кредиттер бойынша мерзімі өткен және (немесе) қалдық берешек сомасы туралы мәліметтерді қоса алғанда, дербес деректерді жинауға, өңдеуге, тексеруге, жаңартып отыруға және беруге келісім (бұдан әрі – келісім) береді.
1-3. Адамның (отбасының), отбасы мүшелерінің, үй шаруашылығының келісім бермеуі әлеуметтік қорғау шараларын ұсынудан бас тартуға негіз болады.
1-4. Әлеуметтік қорғау шараларын алатын адамның (отбасының), отбасы мүшелерінің, үй шаруашылығының келісім бермеуі оларды ұсынуды тоқтата тұруға негіз болады.
Әлеуметтік қорғау шараларын ұсыну келісім алынған күннен бастап қайта басталады.
1-5. Адамның (отбасының), отбасы мүшелерінің, үй шаруашылығының уәкілетті мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне өтініш беру арқылы әлеуметтік қорғау шараларын алудан ерікті түрде бас тартуға құқығы бар.
Әлеуметтік қорғау шараларын алудан ерікті түрде бас тарту адамды (отбасын), отбасы мүшелерін, үй шаруашылығын Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен оларды ұсыну үшін қайта жүгіну құқығынан айырмайды.
2. Осы бапта көзделген құқықтар осы Кодекстің Ерекше бөлігінде көзделген тәртіппен және шарттарда іске асырылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы