Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 100-бап. Медициналық қалдықтардың айналысы Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

100-бап. Медициналық қалдықтардың айналысы Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

100-бап. Медициналық қалдықтардың айналысы Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі 

      1. Медициналық қалдықтар медициналық қызметтер көрсету және медициналық манипуляциялар жүргізу процесінде пайда болатын өндіріс және тұтыну қалдықтарының бір түріне жатады.

      2. Медициналық қалдықтар қауіптілік дәрежесі бойынша қауіптіліктің 5 сыныбына бөлінеді:

      1) А сыныбы - тұрмыстық қатты қалдықтарға ұқсас, қауіпті емес медициналық қалдықтар;

      2) Б сыныбы - қауіпті (эпидемиологиялық жағынан) медициналық қалдықтар;

      3) В сыныбы - төтенше (эпидемиологиялық жағынан) қауіпті медициналық қалдықтар;

      4) Г сыныбы - құрамы бойынша өнеркәсіптік қалдықтарға жақын, токсикологиялық қауіпті медициналық қалдықтар;

      5) Д сыныбы - радиоактивті медициналық қалдықтар.

      Б - Д сыныптарының медициналық қалдықтары қауіпті қалдықтар болып табылады.

      3. Медициналық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сақтауға, залалсыздандыруға, пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекітетін санитариялық қағидаларда айқындалады.

      4. Қалдықтардың меншік иелері Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға медициналық қалдықтарды Өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрына енгізу үшін олармен жұмыс істеу саласындағы жыл сайынғы есеп (бұдан әрі - есеп) түрінде ақпарат береді.

      5. Медициналық қалдықтар жөніндегі ақпарат жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 1 наурызға дейін электрондық және (немесе) қағаз жеткізгіштерде беріледі.

      6. Қалдықтардың меншік иелері есептер деректерінің толықтығын, үздіксіздігін және анықтығын қамтамасыз етеді.

      7. Медициналық қалдықтар жөніндегі ақпаратты беру тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.

 

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы