Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 100-бап. Сауда-саттықты жүргізу шарттары Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

100-бап. Сауда-саттықты жүргізу шарттары Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 100-бап. Сауда-саттықты жүргізу шарттары Мемлекеттік мүлік туралы Заңы 

      1. Неғұрлым жоғары баға ұсынған тұлға аукционда немесе тендерде ұтып алушы болып танылады. 

      Аукциондарда ұсыныстар жария түрде мәлімделеді, тендерлерде ұсыныстар жабық конвертте мәлімделеді. 

     Мүліктік кешендер ретінде мемлекеттік кәсіпорындар, жарғылық капиталындағы акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акциялары (жарғылық капиталға қатысу үлестері) тендерде сатылған жағдайда, қызмет бейінін сақтау тендердің шарты болып табылады. -   Қазақстан Республикасының Заңымен алынып тасталды 2025 жылғы 24 маусымдағы № 196-VIII ҚРЗ 

      Мемлекеттік кәсіпорындардың, жарғылық капиталындағы акциялардың бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қызмет бейінін сақтау мерзімін сатушы айқындайды. -   Қазақстан Республикасының Заңымен алынып тасталды 2025 жылғы 24 маусымдағы № 196-VIII ҚРЗ 

      Пайдаланылмайтын қару-жарақ пен əскери техниканы өткізу жөніндегі жабық тендерлерді немесе аукциондарды қоспағанда, аукцион мен тендер мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы пайдаланыла отырып, электрондық нысанда өткізіледі. 

      2. Сауда-саттық ашық болуға тиіс. Жекешелендіру объектілерін сату тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

      3. Бір ғана қатысушы қатысқан аукциондар, егер қатысушы бастапқы немесе жарияланған бағаны растаса, өткізілді деп танылады. 

      Бір ғана қатысушы қатысқан тендерлер, егер қатысушы бастапқы бағадан кем емес құнды ұсынса, өткізілді деп танылады. 

      4. Сатып алушы сауда-саттық өткiзiлгенге дейiн өзi сатып алатын объектiнiң экологиялық жай-күйiне тексеру жүргiзуге құқылы. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы N 413-IV Заңы. 

      Осы Заң мемлекеттік мүліктің құқықтық режимін, мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті және заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы мемлекетке тиесілі акциялар мен қатысу үлестерін басқарудың құқықтық негіздерін, мемлекеттік мүлікке құқықтарға ие болудың және оларды тоқтатудың құқықтық негіздерін айқындайды және мемлекеттің мемлекеттік мүлікке меншік иесінің құқықтарын және өзге де құқықтарды иеленушінің тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы