107-бап. Тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн шығып қалғандардың орнына мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін, кандидаттарды ұсыну Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы
Ескерту. 107-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 05.11.2022 № 156-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.
1. Егер тiркеу мерзiмi аяқталғаннан кейiн партиялық тізімдердің, кандидаттардың шығып қалуы нәтижесiнде тиiстi сайлау округi бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттардың екеуден аз партиялық тізімі не екеуден аз кандидат қалса, тиісті сайлау комиссиясы өз шешiмiмен сайлау мерзiмiн ұзартады, бiрақ ол екi айдан аспауға тиіс.
2. Бұл жағдайда мәслихат депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін, кандидаттарды ұсыну осы Конституциялық заңда белгiленген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы