⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 11-бап. Өзін-өзі өлтіруді насихаттайтын ақпарат Масс-медиа туралы Заңы

11-бап. Өзін-өзі өлтіруді насихаттайтын ақпарат Масс-медиа туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

11-бап. Өзін-өзі өлтіруді насихаттайтын ақпарат Масс-медиа туралы Заңы 

       1. Адамдардың шектеусіз тобын өзін-өзі өлтіруге баруға итермелейтін, кез келген нысанда таратылатын және (немесе) орналастырылатын ақпарат, сондай-ақ өзін-өзі өлтіру тәсілдері туралы ақпарат және өзін-өзі өлтіруге шақыру туралы ақпарат өзін-өзі өлтіруді насихаттайтын ақпарат деп түсініледі.  

      2. Мыналарды: 

      1) өзін-өзі өлтіруді проблеманы шешу тәсілі ретінде көрсетуді; 

       2) өзін-өзі өлтіруге баруды не өзін-өзі өлтіруге бағытталған әрекеттерді немесе нақты (ойдан шығарылған) әңгімелесушінің немесе үшінші бір адамның өзін-өзі өлтіруге бару ниетін оң бағалауды не мақұлдауды;  

      3) тікелей немесе айқын ниеті байқалмайтын, бірақ өзін-өзі өлтіруге бару туралы шешім қабылдауға, оның ішінде өзін-өзі өлтіруге барған басқа адамдардың әрекеттерін танымал ететін және (немесе) өзін-өзі өлтіруге барған адамдарда пайда болған артықшылықтар туралы тұжырымдар (пайымдаулар) қамтылатын нақты мысалдар келтіру арқылы мәжбүрлейтін тұжырымдардан (пайымдаулардан) тұратын, өзін-өзі өлтіруге баруға итермелейтін дәлелдер, оның ішінде өзін-өзі өлтіруді қазіргі қоғамдағы қолайлы, қисынды және заңды әрекет ретінде ұсынуды; 

      4) өзін-өзі өлтіруге әрекеттену тәжірибесі бар адамдардың көзқарасын, сезімін сипаттауын және тақырыпты талқылауын қоса алғанда, өзін-өзі өлтіруге баруы сәтсіз болған әрекетті айыптауды, келемеждеуді; 

       5) өзін-өзі өлтіруге бару (өзін-өзі өлтіруге баруға әрекеттену), оның ішінде біреудің көмегімен не біреудің қатысуымен, не біреудің бақылауымен жүзеге асырылатын, топтасып және (немесе) ассистент көмегімен жасау мақсатында танысу туралы хабарландыруды;  

       6) өзін-өзі өлтіру тәсілін, оның ішінде өзін-өзі өлтірудің неғұрлым ауырсынбайтын, сенімді, қолжетімді, эстетикалық тәсілін таңдау тұрғысынан сауалнаманы (дауыс беруді), тестті, рейтингті қамтитын ақпарат өзін-өзі өлтіруге баруға итермелейтін ақпарат болып табылады.  

      3. Өзін-өзі өлтіруге бару тәсілдері туралы ақпаратқа мыналар жатады: 

      1) өзін-өзі өлтіруге барудың, оның ішінде өзін-өзі өлтіруге бару әрекеттерінің тізбегін және (немесе) ықтимал нәтижелерін (салдарын) суреттейтін (бейнелейтін) процестерді, рәсімдерді сипаттау (көрсету) үшін мәтінді, аудио немесе бейне құралдарды, өзін-өзі өлтіруге арналған құралдарды және (немесе) орындарды пайдалану арқылы жасаудың бір және одан да көп тәсілі туралы ақпарат; 

      2) өзін-өзі өлтіруге қажетті жағдайлар жиынтығы туралы, оның ішінде орынды, уақытты, әдісті таңдау, өзін-өзі өлтіруге баруға қажетті дайындық әрекеттері туралы ақпарат; 

      3) өзін-өзі өлтіруге бару тәсілдерімен байланысты өзге де ақпарат. 

      4. Өзін-өзі өлтіруге баруға шақыру туралы ақпаратқа мыналар жатады: 

      1) өзін-өзі өлтіруге бару туралы, оның ішінде бопсалау, өтіну, үгіттеу, көндіру, талап ету арқылы тікелей өтініш қамтылатын ақпарат; 

       2) өзін-өзі өлтіруге баруға шақырумен байланысты өзге де ақпарат.  

      5. Өзін-өзі өлтіруді насихаттайтын ақпаратты, өзін-өзі өлтіруге бару тәсілдері мен өзін-өзі өлтіруге шақыру туралы ақпаратты таратуға және (немесе) орналастыруға тыйым салынады. 

 

      Осы Заң масс-медиа саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, олардың құқықтық негіздерін белгілейді және сөз бен шығармашылық бостандығына конституциялық құқықты қамтамасыз етуге бағытталған. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы