Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 113-15-бап. Дауыс беруді өткізу тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

113-15-бап. Дауыс беруді өткізу тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

113-15-бап. Дауыс беруді өткізу тәртібі мен мерзімдері Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 

      1. Тиісті сайлау комиссиясы ұсынылған қол қою парақтары осы Конституциялық заңның 113-14-бабының талаптарына сәйкес келген кезде дұрыстығын тексеру мерзімі өткен соң бір күннен кешіктірмей, бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу бойынша дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылдайды.

      2. Тиісті сайлау комиссиясы дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылданған кезден бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей, бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатқа оны кері шақырып алу бойынша дауыс беруді өткізу туралы хабарлама жібереді.

      3. Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатты кері шақырып алу бойынша дауыс беру – дауыс беруді тағайындау туралы шешім қабылданған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.

      4. Тиісті сайлау комиссиясы дауыс беруді өткізу туралы шешім қабылданған кезден бастап бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған депутатқа және оны кері шақырып алу бастамашысына:

      бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Парламент Мәжілісінің депутатын кері шақырып алуға қатысты үгіт жүргізу құқығын – күнтізбелік бес күн ішінде;

      бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша сайланған мәслихат депутатын кері шақырып алуға қатысты үгіт жүргізу құқығын күнтізбелік үш күн ішінде береді. 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы