Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 113-6-бап. Әкім болуға кандидатураны алып тастау, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күшін жою Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

113-6-бап. Әкім болуға кандидатураны алып тастау, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күшін жою Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

113-6-бап. Әкім болуға кандидатураны алып тастау, кандидат етіп ұсыну туралы шешімнің күшін жою Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 

      1. Әкім болуға кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда, тіркелген күннен бастап және дауыс беру күніне екі күн қалған кезеңде өз кандидатурасын алып тастай алады, бұл туралы тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жазбаша өтінішпен жүгінеді.

      Саяси партия немесе жоғары тұрған әкім ұсынған әкім болуға кандидат тіркелген күннен бастап және дауыс беру күніне екі күн қалған кезеңде өз кандидатурасын алып тастай алады, бұл туралы тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жазбаша өтінішпен жүгінеді және кандидатты ұсынған саяси партияның тиісті филиалын (өкілдігін) немесе жоғары тұрған әкімді хабардар етеді.

      2. Кандидатты ұсынған саяси партияның тиісті филиалының (өкілдігінің) жоғары басшы органы немесе жоғары тұрған әкім тіркеуге екі күн қалғанда кандидатты ұсыну туралы өз шешімінің күшін жоя алады, бұл туралы кандидатқа хабарлайды және кандидатты ұсыну туралы шешімнің күшін жою туралы өтінішті тиісті аумақтық сайлау комиссиясына жібереді, ол осының негізінде кандидатты тіркеуді жүргізбейді не кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жояды. 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы