113-7-бап. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін ұсыну Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы
1. Егер кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталатын күнге әкім болуға екеуден аз кандидат тіркелген жағдайда, тиісті аумақтық сайлау комиссиясы өз шешімімен сайлау мерзімін ұзартады, бірақ ол он бес күннен аспауға тиіс.
2. Егер тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін кандидаттардың шығып қалуы нәтижесінде тиісті сайлау округі бойынша әкім болуға екеуден аз кандидат қалған жағдайда, тиісті аумақтық сайлау комиссиясы өз шешімімен сайлау мерзімін ұзартады, бірақ ол он бес күннен аспауға тиіс.
3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген жағдайларда, кандидаттарды ұсыну осы Конституциялық заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы