Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 113-9-бап. Әкімді қайталама сайлау Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

113-9-бап. Әкімді қайталама сайлау Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

113-9-бап. Әкімді қайталама сайлау Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы 

      1. Егер сайлау жарамсыз деп танылса, аумақтық сайлау комиссиясы қайталама сайлау өткізу туралы шешім қабылдайды.

      2. Егер кандидаттар ең көп бірдей дауыс санын жинаса, аумақтық сайлау комиссиясы қайталама сайлау өткізу туралы шешім қабылдайды.

      3. Қайталама сайлау бастапқы сайлаудан кейін бір ай мерзімнен кешіктірілмей өткізіледі. Дауыс беру сол сайлау учаскелерінде және бастапқы сайлауды өткізу үшін жасалған сайлаушылардың сол тізімі бойынша жүргізіледі.

      Қайталама сайлау кезінде жүзеге асыру көзделген сайлау іс-шаралары осы Конституциялық заңға сәйкес аумақтық сайлау комиссиясы айқындайтын мерзімдерде өткізіледі. 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы