116-бап. Тапсырыс берушілер және мердігерлер (бас мердігерлер) Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі
1. Құрылыстағы мердігерлік жұмыстарға байланысты, мемлекеттік сатып алуға жатпайтын (құрылысқа арналған жобалауды, іздестіру, сараптама, зерттеу жұмыстарын, тапсырыс бойынша құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын дайындауды (жасап шығаруды) қоса алғанда) қатынастардың негізгі қатысушылары тапсырыс беруші не оның уәкілетті адамы және мердігер (бас мердігер) болып табылады.
2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бірлескен кәсіпорындарды қоса алғанда) мердігерлер (бас мердігерлер) болып табылады.
3. Құрылыс объектілерін, оның ішінде бірегей құрылыс объектілерін және ірі инвестициялық жобаларды салу үшін және мемлекеттік сатып алуды қазынашылық сүйемелдеуді ендіру шеңберінде іске асырылатын "пилоттық" жобалар үшін құрылыс жобасының (бағдарламасының) тапсырыс берушісі жобаны басқару бойынша инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлғаларды тарта алады.
4. Мердігерлік жұмыстары мемлекеттік сатып алуға жатпайтын құрылыс жобаларын іске асыру үшін тапсырыс беруші инженер-консультанттардың халықаралық қоғамдастықтары әзірлеген құрылыс келісімшарттарының үлгілік нысандарын қолдана отырып, құрылыс мердігерлігіне арналған шарт жасасуға құқылы.
5. Орындалған мердігерлік жұмыстар үшін есеп айырысу тәртібі мемлекеттік нормативтік құжаттарда және (немесе) құрылыс мердігерлігі шартында айқындалады.
Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі.
Осы Кодекс Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,
адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы