Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 117-бап. Тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

117-бап. Тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

117-бап. Тапсырыс берушінің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Тапсырыс беруші: 

      1) мердігер (бас мердігер) орындап жатқан мердігерлік жұмыстардың барысы мен сапасына және олардың орындалу мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыруға; 

      2) мердігерден құрылыс мердігерлігі шартында, құрылыс жобасында, мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтік құжаттарда көзделген талаптарды және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де талаптарды бұза отырып орындалған мердігерлік жұмыстарды қабылдамауға; 

      3) техникалық қадағалауды және авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалардың немесе жобаны басқару бойынша инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлғаның қызметін бақылауға; 

      4) техникалық қадағалауды және авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалардан немесе жобаны басқару бойынша инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлғадан алынатын тиісті құжаттарда сәйкессіздіктер анықталған жағдайда оларды алудан бас тартуға; 

      5) құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны берген кезде құрылысты "бір терезе" қағидаты бойынша жүргізуді ұйымдастыруға арналған портал мен цифрлық жүйелер арқылы құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигін ұсынуға құқылы. 

      Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигі астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органымен келісуге жатады. 

      Құрылыс кезеңінде құрылыс объектісіне барудың жоспар-графигін келісу тәртібін, оның нысанын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді; 

      6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 

      2. Тапсырыс беруші: 

      1) мердігерлік жұмыстарды жүргізу басталғанға дейін мердігерге (бас мердігерге) бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманы беруге; 

      2) құрылыс объектісін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық қажетті рұқсат беру құжаттарымен қамтамасыз етуге; 

      3) техникалық қадағалаудың және авторлық сүйемелдеудің немесе жобаны басқару бойынша инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлғаның қатысуымен құрылыс объектісін салуды қамтамасыз етуге; 

      4) техникалық қадағалауды және авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалардың немесе жобаны басқару бойынша инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлғаның нұсқауларын орындамағаны не уақтылы орындамағаны және сапасыз орындағаны үшін мердігерге (бас мердігерге) шаралар қолдануға; 

      5) техникалық қадағалауды және авторлық сүйемелдеуді немесе жобаны басқаруды жүзеге асыратын тұлғалар үшін жұмыс істеу жағдайларын қамтамасыз етуге; 

      6) мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары нұсқамаларының орындалуын қамтамасыз етуге; 

      7) техникалық қадағалауды және авторлық сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалардың немесе жобаны басқару бойынша инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын аккредиттелген заңды тұлғаның қызметін бақылау бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құрылыс объектісіне кіруін қамтамасыз етуге; 

      8) құрылыс объектісі бойынша жобалау және атқарушылық техникалық құжаттаманы не өзге де құжаттарды мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органға танысу үшін ұсынуға;  

      9) құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісі бекітілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде құрылыс объектісі орналасқан жердегі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен нысандарға сәйкес құрылыс объектісінің техникалық сипаттамаларын, инженерлік желілердің және (немесе) құрылыс объектілерінің нақты жағдайының атқарушылық геодезиялық түсірілімін, сәйкестік туралы декларацияны және құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы мен орындалған жұмыстардың бекітілген құрылыс жобасына сәйкестігі туралы қорытындыларды қоса бере отырып, құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алудың бекітілген актісін және объектінің өрт қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі туралы қорытындыны жіберуге;  

      10) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көппәтерлі тұрғын үй кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің түгендеу тізбесін міндетті түрде жасай отырып, пайдалануға қабылдап алынған көппәтерлі тұрғын үйдің кондоминиум объектісін тіркеуді жүзеге асыруға;  

      11) көппәтерлі тұрғын үйдің пәтерлерін, тұрғын емес үй-жайларын, орынтұрақ орындарын, қоймаларын жеке (бөлек) меншікке сату басталғанға дейін көппәтерлі тұрғын үйдің мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етуге; 

      12) пайдалануға қабылдап алынған құрылыс объектісі тіркелген кезден бастап алты ай ішінде жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес құрылыс объектісінің сыртқы инженерлік желілері мен құрылысжайларын коммуналдық меншікке өтеусіз беруді қамтамасыз етуге; 

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер учаскесін көппәтерлі тұрғын үй кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына немесе құрылыс объектісінің ортақ мүлкінің құрамына енгізуді өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге; 

      14) мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын, сондай-ақ инженерлік ізденістер материалдарын (қала құрылысы жобаларының топографиялық түсірілімін, жобалау сатысындағы топографиялық түсірілімді және құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу сатысындағы атқарушы геодезиялық түсірілімді) тіркеуді қамтамасыз етуге; 

      15) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы