Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 12-3-бап. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы жүзеге асыратын мөлшерлемелерден аударымдар Ойын бизнесі туралы Заңы

12-3-бап. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы жүзеге асыратын мөлшерлемелерден аударымдар Ойын бизнесі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

12-3-бап. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы жүзеге асыратын мөлшерлемелерден аударымдар Ойын бизнесі туралы Заңы 

      1. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде әрбір қабылданған мөлшерлемеден дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға, Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің қорына олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға және "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына, сондай-ақ бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуіне және бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаның қызметін қамтамасыз етуге жіберілетін аударымдарды (бұдан әрі – аударымдар) жүзеге асыруға міндетті. 

      2. Букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың кассасында қабылданған әрбір мөлшерлемеден аударымдарды ұстап қалады және тоқсан аяқталған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей, бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаға көрсетілген тоқсан ішінде қабылданған мөлшерлемелерден ұсталған аударымдарды жібереді. 

      3. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға электрондық ақшаны пайдалана отырып, букмекерлік кеңсе немесе тотализатор қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушы букмекерлік кеңсенің немесе тотализатордың электрондық кассасында қабылдаған әрбір мөлшерлемеден аударымдарды ұстап қалады. 

      4. Бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлға тоқсан аяқталған күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған пропорцияларда тоқсан ішінде ұсталған жалпы аударымдар сомасын дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға, Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің қорына олимпиадалық спорт түрлерін дамытуға және "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына, сондай-ақ бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуіне және бірыңғай есепке алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін заңды тұлғаның қызметін қамтамасыз етуге жібереді.  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы