Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 123-бап. Құрылыс сапасы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

123-бап. Құрылыс сапасы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

123-бап. Құрылыс сапасы Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Құрылыстың, құрылыс объектілерінің және құрылыс өнімдерінің тиісті сапасын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды белгілейтін нормалар мен ережелер осы Кодекспен, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі және көлемдік, жазықтық және желілік құрылысжайлардың (құрылыстардың, ғимараттар мен олардың кешендерінің, коммуникациялардың) барлық түрлеріне, соның ішінде оларға жататын технологиялық және инженерлік жабдыққа, сондай-ақ оларды жобалау, салу, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын дайындау (өндіру) жөніндегі жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) барлық түрлеріне қолданылады. 

      2. Құрылыстың қауіпсіздігі мен сапасы: 

      1) құрылыс өнімдеріне арналған техникалық регламенттерде және стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтау; 

      2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерін лицензиялау және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мамандарды сертификаттау; 

      3) құрылысқа салынатын инвестициялар негіздемелеріне сараптама жүргізу және жобалау-сметалық құжаттама; 

      4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы, техникалық қадағалау және авторлық сүйемелдеу; 

      5) жобалау мен құрылыста пайдаланылатын өнімдерді, оның ішінде құрылыс өнімдерін стандарттау құжаттары; 

      6) сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу, құрылыста пайдаланылатын өнімдерді, оның ішінде құрылыс өнімдерін сертификаттау, сондай-ақ жаңа өнімдерді, өндіріс тәсілдерін, құрылыстағы жарақтарды техникалық бағалау; 

      7) жобалау мен құрылыстағы метрологиялық қызмет; 

      8) құрылыс объектілерін пайдалануға беру мен қабылдап алуды ұйымдастыру; 

      9) құрылыс техникасы мен технологиясын жетілдіру; 

      10) құрылыс объектілерін паспорттауды жүргізу; 

      11) нормативтік сипаттамаларды қамтамасыз ету мақсатында пайдаланудағы не консервацияланған құрылыс объектілерінің және құрылысы аяқталмаған өзге де объектілердің жай-күйін зерттеп-қарау және байқау арқылы қамтамасыз етіледі. 

      3. Құрылыс объектілерін салудың (консервациялаудың) бүкіл кезеңі мен оларды пайдалану мерзімі ішінде меншік иелері (тапсырыс берушілер, иеленушілер), жалдаушылар (жалға алушылар), мердігер (бас мердігер) олардың сапасының мынадай негізгі сипаттамаларын: 

      1) жұмыстар жүргізу мен күтіп-ұстауды қоса алғанда, салу және пайдалану кезіндегі қауіпсіздігін; 

      2) еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігін; 

      3) жұмыс істеуінің орнықтылығы мен сенімділігін; 

      4) экологиялық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуге міндетті. 

      Сапаның негізгі сипаттамаларын қамтамасыз ету инженерлік ізденістерге, жобалауға, құрылыс материалдарын, бұйымдарын, жабдықтарын және конструкцияларын дайындауға (өндіруге) және беруге, құрылысты салуға және құрылысы аяқталмаған объектілерді консервациялауға, құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдап алуға, күтіп-ұстауға және пайдалануға, сондай-ақ оларды кейіннен кәдеге жаратуға қатысушы барлық субъектілердің міндеті болып табылады. 

      4. Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын тұлғалар, сараптама ұйымдары, құрылыс өнiмiн стандарттау және сертификаттау органдары, тапсырыс берушілер, ізденушілер, жобалаушылар, техникалық қадағалау, құрылыста пайдаланылатын өнімдерді, оның ішінде құрылыс өнімдерін дайындаушылар (өндірушілер) және берушілер, жұмыстарды жүргізушілер, құрылыс объектісінің немесе құрылыс өнімдерінің меншік иелері (пайдаланушылары, жалдаушылары, жалға алушылары) өз функцияларына сәйкес құрылыстың және құрылыс өнімдерінің сапасын қамтамасыз ететін субъектілер болып табылады.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы