Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 124-бап. Жұмыскерлер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындаған кезде берілетін кепілдіктер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

124-бап. Жұмыскерлер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындаған кезде берілетін кепілдіктер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

124-бап. Жұмыскерлер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындаған кезде берілетін кепілдіктер Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі 

      1. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жұмыскерлер мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындауға тартылған уақытта оларды жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, еңбек міндеттерін орындаудан босатады. 

      2. Жұмыскерге мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындағаны үшін жалақы көрсетілген міндеттерді орындайтын жері бойынша, бірақ жұмыс орнындағы орташа жалақысынан төмен болмай төленеді. 

Әскери жиындарға шақыру кезеңінде әскери міндетін орындағаны үшін жұмыскерге жалақы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көрсетілген міндетті орындайтын жері бойынша төленеді.

3. Жергілікті әскери басқару органдарына шақыру кезінде әскери қызметке немесе әскери жиындарға шақырылуға жататын жұмыскерлердің медициналық комиссиядан өту кезеңінде жұмыс орны (лауазымы), жұмыс орны бойынша жалақысы сақталады, ал әскерге шақыру бойынша әскери қызметті (жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезіндегі және соғыс уақытындағы әскери қызметті қоспағанда) өткеру немесе әскери жиындар кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады. 

      Әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеру кезеңінде жұмыс орны (лауазымы) сақталған жұмыскер әскери қызметтен шығарылуына байланысты әскери бөлімнің (мекеменің) тізімдерінен алып тасталған күннен бастап бір айдан кешіктірмей өзінің еңбек міндеттеріне кірісуге міндетті.

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы