125-1-бап. Некеге тұруға мәжбүрлеу УК РК, Уголовного кодекса Республики Казахстан
1. Адамды күш қолдану не мүлікті жою немесе бүлдіру қатерін төндіріп, сол сияқты бопсалау жолымен, оның ішінде жәбiрленушiнi немесе оның жақындарын масқаралайтын мәлiметтердi не жариялануы немесе таратылуы жәбiрленушiнiң немесе оның жақындарының мүдделерiне елеулі зиян келтiруi мүмкiн өзге де мәлiметтердi жариялау немесе тарату қатерін төндіріп некеге тұруға мәжбүрлеу –
екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) күш қолданып;
2) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты;
3) жәбірленушінің материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдаланып жасалған;
4) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
5) өз қызмет бабын пайдаланып жасалған дәл сол іс-әрекет –
бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер олар абайсызда ауыр зардаптарға алып келсе, –
бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы