125-бап. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiн сайлау қорытындыларын анықтау және жариялау Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңы
1. Сайлау қорытындылары аумақтық сайлау комиссиясының мәжiлiсiнде учаскелiк сайлау комиссияларының хаттамалары негiзiнде сайлау өткiзiлген күннен кейiн үш күн мерзiмнен кешiктiрiлмей анықталады. Сайлау қорытындылары туралы аумақтық комиссияның төрағасы мен мүшелерiнiң қолы қойылған хаттама жасалады.
1-1. Басқа кандидаттармен салыстырғанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының көпшiлiк санын алған кандидаттар берiлген мандаттарға сәйкес жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының сайланған мүшелерi болып саналады.
2. Сайлау қорытындыларын анықтаудың және жариялаудың өзге мәселелерi осы Конституциялық заңның Жалпы бөлiмiнде белгiленген ережелерге сәйкес шешiледi.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы