126-бап. Бас бостандығынан заңсыз айыру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
1. Адамды оны ұрлауға байланысты емес бас бостандығынан заңсыз айыру –
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;
2) бiрнеше рет;
3) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып;
4) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып;
5) алып тасталды – ҚР 15.04.2024 № 72-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрiнеу белгiлi әйелге қатысты;
7) екi немесе одан да көп адамға қатысты;
8) пайдакүнемдiк ниетпен;
9) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзгедей тәуелдiлiгiн пайдаланып жасалған;
10) адам өзінің қызмет бабын пайдалана отырып жасаған;
11) жәбірленушінің жеке басын куәландыратын құжаттарды бұрмалап, жасырып не жойып жасалған дәл сол іс-әрекет –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер оларды:
1) қылмыстық топ жасаса;
2) заңсыз бас бостандығынан айырылған адамды қанау мақсатында жасалса;
2-1) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;
3) абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса –
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы