Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 126-бап. Сейсмикалық белсенді аумақтарды сейсмикалық аймақтарға бөлу Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

126-бап. Сейсмикалық белсенді аумақтарды сейсмикалық аймақтарға бөлу Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

126-бап. Сейсмикалық белсенді аумақтарды сейсмикалық аймақтарға бөлу Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Жер сілкінісінен болатын залалды азайту үшін сейсмикалық белсенді аумақтарды аумаққа құрылыс салуды жоспарлау үшін қажетті сейсмикалық аймақтарға бөлу жүзеге асырылады. 

      2. Қазақстан Республикасының аумағындағы зерттеулердің міндеттеріне, объектісі мен ауқымына қарай Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес жалпы сейсмикалық аймақтарға бөлу, егжей-тегжейлі сейсмикалық аймақтарға бөлу және сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары әзірленеді, оларды сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемалары бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдары орындайды. 

      3. Сейсмикалық шағын аймақтарға бөлу карталары жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу үшін жергілікті атқарушы орган беретін бастапқы материалдардың ажырамас бөлігі болып табылады.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы