Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 127-бап. Сейсмикалық қауіп-қатерді бағалау Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

127-бап. Сейсмикалық қауіп-қатерді бағалау Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

127-бап. Сейсмикалық қауіп-қатерді бағалау Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Сейсмикалық қауіп-қатер – аумақтың есептік сейсмикалық қауіптілігіне және құрылыс объектілерінің осалдығына сәйкес, болуы мүмкін жер сілкінісінің әлеуметтік-экономикалық залалының ықтималдығы. 

      2. Сейсмикалық қауіп-қатерді бағалау жер сілкінісі салдарынан туындауы мүмкін адам шығынының, материалдық және өзге де шығындардың ғылыми болжамын әзірлеу арқылы жүзеге асырылады. 

      3. Сейсмикалық қауіп-қатер карталары: 

      1) аумақтардың сейсмикалық осалдығын және ықтимал залалдың әлеуетін бағалаудың; 

      2) құрылыс объектілерінің орнықтылығын кешенді талдаудың; 

      3) жер сілкінісі кезіндегі адам шығыны мен экономикалық залалдарды болжаудың; 

      4) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен өзге де деректердің негізінде жасалады. 

      4. Қазақстан Республикасының аумағындағы сейсмикалық қауіп-қатерді бағалауды мамандандырылған ғылыми-зерттеу ұйымдары жер сілкінісі салдарынан болуы мүмкін әлеуметтік-экономикалық залалды ықтимал бағалау туралы деректерді алу үшін орындайды. 

      5. Жер сілкінісінен болатын ықтимал салдарды азайту бағдарламалары сейсмикалық қауіп-қатер картасының негізінде әзірленеді.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы