Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 133-бап. Тапсырыс беруші (меншік иесі, инвестор) өз бетінше пайдалануға қабылдап алатын құрылыс объектілері Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

133-бап. Тапсырыс беруші (меншік иесі, инвестор) өз бетінше пайдалануға қабылдап алатын құрылыс объектілері Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

133-бап. Тапсырыс беруші (меншік иесі, инвестор) өз бетінше пайдалануға қабылдап алатын құрылыс объектілері Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Тапсырыс беруші (меншік иесі, инвестор) осы Кодекстің 98-бабының 4-тармағында көрсетілген жауапкершіліктің үшінші деңгейіндегі құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдап алуды өз бетінше жүзеге асырады. 

      2. Егер осы Кодекстің 98-бабының 4-тармағында көрсетілген үй-жайларды (құрылыс объектісінің жекелеген бөліктерін) өзгерту, сондай-ақ жауапкершіліктің үшінші деңгейіндегі санамаланған құрылыс объектілерін салу және пайдалану басқа азаматтардың құқықтарына нұқсан келтірсе не мемлекеттік, қоғамдық және (немесе) жеке мүдделерге қайшы келсе, осы баптың нормаларын қолдануға болмайды. 

      3. Осы баптың нормалары: 

      1) мемлекеттік инвестициялар есебінен не олардың қатысуымен қаржыландырылатын құрылыс объектілерін; 

      2) жеке тұрғын үйлерді салуға да қолданылмайды. 

      4. Тапсырыс берушінің (меншік иесінің, инвестордың) құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу тәртібін, сондай-ақ пайдалануға қабылдап алу актісінің нысанын сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган өз бетінше бекітеді. 

      5. Тапсырыс берушінің (меншік иесінің, инвестордың) инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылысжайлардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімі қоса берілген құрылыс объектісін өз бетінше пайдалануға қабылдап алу актісін сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде міндетті түрде есепке алуға тиіс. 

      Меншік иесі объектілерді өз бетінше тапсырған кезде осы Кодекстің 98-бабы 4-тармағы бірінші бөлігінің 4), 12), 14), 17), 18) және 20) тармақшаларында көрсетілген объектілер үшін атқарушылық геодезиялық түсірілім талап етілмейді.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы