Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 135-бап. Құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актілерін жүргізу мен есепке алу тәртібі Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

135-бап. Құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актілерін жүргізу мен есепке алу тәртібі Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

135-бап. Құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актілерін жүргізу мен есепке алу тәртібі Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өтініш берушіден құрылыс объектісінің техникалық сипаттамалары және инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылысжайлардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімі, сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы, орындалған жұмыстардың бекітілген құрылыс жобасына сәйкестігі және объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындылар қоса берілген құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алудың бекітілген актісін алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде бір мезгілде: 

      1) құрылыс объектісі орналасқан жердегі сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын тиісті жергілікті атқарушы органға құрылыс объектісінің техникалық сипаттамалары және инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылысжайлардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімі қоса берілген құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алудың бекітілген актісін; 

      2) құрылыс объектісі орналасқан жердегі сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға құрылыс объектісінің техникалық сипаттамалары, сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы, орындалған жұмыстардың бекітілген құрылыс жобасына сәйкестігі және объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындылар қоса берілген құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алудың бекітілген актісін жібереді. 

      2. Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалған рәсімдерді сақтауы тұрғысынан салыстырып тексеру жүргізеді және мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі арқылы құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісін есепке алуды жүргізеді. 

      Салыстырып тексерудің қорытындысы бойынша құрылыс объектісінің құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының талаптарына сәйкес келмеуі анықталған жағдайда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде бұл туралы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы органдарына және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына жазбаша хабарлайды. 

      Сәйкессіздік болмаған жағдайда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына жазбаша хабарлайды. 

      3. Сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні өткенге дейін тапсырыс берушінің Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген нормалар мен талаптарды сақтауы, оның ішінде: 

      1) келісулердің болуы және алынған құжаттардың құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларының бекітілген нысандары мен белгіленген талаптарына сәйкестігі; 

      2) халықты әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы органның халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің қамтамасыз етілгенін растауының болуы; 

      3) құрылыс объектісінің қалыпты пайдаланылуын қамтамасыз ететін және пайдалану ұйымдары қабылдаған сыртқы инженерлік коммуникацияларға қосылуы; 

      4) көппәтерлі тұрғын үйлерде орналасқан пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың шудан оқшаулау жөніндегі талаптарға сәйкестігі; 

      5) жерасты инженерлік желілерінің және (немесе) ғимараттардың (құрылысжайлардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімінің болуы; 

      6) қабат бойынша жоспардың және (немесе) экспликациясы бар құрылыс объектісі жоспарының болуы; 

      7) құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаның, оның ішінде құрылыс кезеңіндегі барлық өзгерістер туралы жаңартылған деректердің болуы; 

      8) техникалық қадағалау белгілеген міндеттерді сақтауы; 

      9) техникалық-экономикалық көрсеткіштердің құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасынан өткен бекітілген құрылыс жобасына сәйкестігі; 

      10) атқарушылық геодезиялық түсірілімнің тіркелуінің және оның мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесіне енгізілуінің болуы тұрғысынан салыстырып тексеру жүргізеді. 

      Бұзушылықтар анықталған кезде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде анықталған бұзушылықты егжей-тегжейлі сипаттай отырып, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына бұл туралы жазбаша хабарлайды. 

      Осы Кодекстің талаптарының бұзылуын және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінің сақталмауын көрсететін жеткілікті деректер болған кезде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы органдары бұзушылықтарға жол берген тұлғаларды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа тарту жөніндегі шараларды қолданады. 

      Бұзушылықтар болмаған жағдайда, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясынан құжаттарды алған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына жазбаша хабарлайды. 

      4. Осы баптың 2 және 3-тармақтарында белгіленген мерзімдерде ақпаратты беру үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сәулет және қала құрылысы, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына жүктеледі.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы