Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 136-бап. Құрылыс объектілерін пайдалану жөніндегі негізгі талаптар Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

136-бап. Құрылыс объектілерін пайдалану жөніндегі негізгі талаптар Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

136-бап. Құрылыс объектілерін пайдалану жөніндегі негізгі талаптар Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Құрылыс объектілерін пайдалану олардың рұқсат етілген пайдаланылуына (мақсатына) сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. 

      2. Осы баптың 3-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, салынған, реконструкцияланған құрылыс объектісі пайдалануға берілгеннен кейін аталған объектіні пайдалануға жол беріледі. 

      3. Құрылыс объектілерін салу, реконструкциялау үшін құрылысқа арналған рұқсатты беру талап етілмеген жағдайда, мұндай объектілерді пайдалануға оларды салу, реконструкциялау аяқталғаннан кейін жол беріледі. 

      4. Құрылыс объектісін күрделі жөндеген жағдайда мұндай құрылыс объектілерін күрделі жөндеу аяқталғаннан кейін оларды пайдалануға жол беріледі. 

      5. Құрылыс объектілерін пайдалану, оның ішінде автомобиль жолдарын күтіп-ұстау Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінің, нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес, сондай-ақ жобалау құжаттамасына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. Егер осы Кодекске сәйкес ғимараттар мен құрылысжайлар салу, оларды реконструкциялау үшін жобалау құжаттамасын дайындау және (немесе) құрылысқа арналған рұқсаттарды беру талап етілмесе, мұндай ғимараттар мен құрылысжайларды пайдалану Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінің, нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуға тиіс. 

      6. Құрылыс объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оларды пайдалану процесінде құрылыс объектілеріне техникалық қызмет көрсету, құрылыс объектілерінің техникалық жай-күйіне пайдалану мақсатында бақылау жасау, ғимараттар мен құрылысжайларды ағымдағы жөндеу қамтамасыз етілуге тиіс. 

      7. Құрылыс объектілерінің техникалық жай-күйіне пайдалану мақсатында бақылау жасау құрылыс объектілерінің, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету жүйелері мен желілерінің сенімділігі мен қауіпсіздігінің конструкциялық және басқа да сипаттамаларының жай-күйін және көрсетілген сипаттамалардың Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік нормативтік құжаттардың, жобалау құжаттамасының талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында, сондай-ақ атқарушылық құжаттамаға сәйкес негіздердің, құрылыс конструкцияларының, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету жүйелері мен желілерінің жай-күйін кезеңдік қарап-тексерулерді, бақылау мақсатында тексерулерді және (немесе) мониторингтеуді жүзеге асыру арқылы осындай объектілерді пайдалану кезеңінде жүргізіледі. 

      8. Құрылыс объектілеріне техникалық қызмет көрсету, ғимараттар мен құрылысжайларды жөндеу осындай объектілердің тиісті техникалық жай-күйін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі. Құрылыс объектілерінің тиісті техникалық жай-күйі деп құрылыс объектілерінің орнықтылығы, сенімділігі параметрлерін қолдап отыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің, мемлекеттік нормативтік құжаттардың, жобалау құжаттамасының талаптарына сәйкес құрылыс конструкцияларының, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету жүйелері мен желілерінің, олардың элементтерінің жарамдылығы түсініледі. 

      9. Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған жағдайларда ғимараттар мен құрылысжайларға жөндеу жүргізу кезінде осындай құрылыс объектілерінің құрылыс конструкцияларының жекелеген элементтерін (тіреу құрылыс конструкцияларының элементтерін қоспағанда), осындай құрылыс объектілерін инженерлік-техникалық қамтамасыз ету жүйелері мен желілерінің элементтерін ауыстыру және (немесе) қалпына келтіру жүзеге асырылуы мүмкін. 

      10. Құрылыс объектілерінің техникалық жай-күйіне пайдалану мақсатында бақылау жасауды құрылыс объектісін пайдалануға жауапты адам жүзеге асырады. 

      11. Құрылыс объектілерінің жекелеген түрлерін пайдалану ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленуі мүмкін. Көппәтерлі тұрғын үйлерді пайдалану Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасының талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады.  

      12. Ғимараттар мен құрылысжайлар орналасқан жердегі жергілікті атқарушы органға жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы заңнамасының құрылыс объектілерін пайдалануға қойылатын талаптарының бұзылуы туралы, құрылыс объектілерінде авариялық жағдайлардың туындауы немесе құрылыс объектілерінің қирау қаупінің туындауы туралы арыздары келіп түскен жағдайда жергілікті атқарушы органдар құрылыс объектілерінің сенімділігі мен қауіпсіздігінің конструкциялық сипаттамалары мен басқа да сипаттамаларына қойылатын Қазақстан Республикасының техникалық регламенттерінің, нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына, көрсетілген объектілердің жобалау құжаттамасының талаптарына сәйкес олардың техникалық жай-күйін және оларға тиісінше техникалық қызмет көрсетілуін бағалау мақсатында құрылыс объектілерін қарап-тексеруді жүргізеді және құрылыс объектілерін пайдалануға жауапты тұлғаларға анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі шаралар туралы ұсынымдар жібереді. Осы қарап-тексеруді жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленеді. 

      13. Құрылыс объектілерін пайдалану кезінде мемлекеттік бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылады.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы