Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 142-бап. Құрылысы аяқталмаған объектілердің тізілімі Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

142-бап. Құрылысы аяқталмаған объектілердің тізілімі Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

142-бап. Құрылысы аяқталмаған объектілердің тізілімі Қазақстан Республикасының Құрылыс кодексі 

      1. Құрылысы, реконструкциялануы толық немесе ішінара бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылған құрылысы аяқталмаған объектілер құрылысы аяқталмаған объектілердің мемлекеттік тізіліміне енгізілуге жатады. 

      Құрылыс объектілері: 

      1) егер олардың құрылысы, реконструкциялануы толық немесе ішінара республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылған болса, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның; 

      2) егер олардың құрылысы, реконструкциялануы толық немесе ішінара жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылған болса, жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылысы аяқталмаған объектілердің мемлекеттік тізіліміне енгізіледі. 

      2. Құрылысы аяқталмаған объектілердің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу тәртібін, оған енгізілетін мәліметтердің құрамын, осындай мәліметтерді ұсыну тәртібін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.  

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 9 қаңтардағы № 253-VIII ҚРЗ Кодексі. 

 Осы Кодекс Қазақстан  Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыруға,  

адам өмір сүретін және тіршілік ететін толыққанды ортаны қалыптастыруға, елді мекендерді, қонысаралық аумақтарды жоспарлауға және дамытуға, құрылыс объектілерінің пайдаланылу циклінің барлық кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы