Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 149-бап. Шекарамаңы жер қойнауы учаскелеріндегі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

149-бап. Шекарамаңы жер қойнауы учаскелеріндегі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

149-бап. Шекарамаңы жер қойнауы учаскелеріндегі көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі    

      1. Егер жер қойнауын пайдаланушы көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу нәтижесінде бір бөлігі басқа іргелес немесе қарсы беттегі мемлекеттің заңды құзырындағы аумақта немесе теңізде Қазақстан Республикасының аумағының шегінде орналасқан шекарамаңы жер қойнауы учаскесінде немесе бір бөлігі аумағында орналасқан, сонымен қатар кенжатынды (кенжатындар жиынтығын) тапқан жағдайда, ол бұл туралы құзыретті органға дереу хабарлауға міндетті.

      2. Қазақстан Республикасының табылған кенжатынның бір бөлігі (кенжатындар жиынтығы) жер қойнауында жатқан мемлекетпен тиісті халықаралық шарттар болмаған жағдайда, құзыретті орган осындай мемлекетпен келісімге қол жеткізілгенге дейін шекарамаңы жер қойнауы учаскесінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы.

      Бұл ретте құзыретті орган шекарамаңы жер қойнауының учаскесінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жер қойнауын пайдаланушыны ол туралы хабардар етеді және күнтізбелік отыз күн ішінде шекарамаңы жер қойнауы учаскесінде орналасқан кен орнын бірлесіп әзірлеудің тәртібі мен шарттарын реттейтін халықаралық шартты әзірлеуге бастама жасайды.

      3. Құзыретті орган шекарамаңы жер қойнауы учаскесінде көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды тоқтата тұру туралы шешім қабылдаған жағдайда, жер қойнауын пайдалану жөніндегі тоқтатылған операцияларды құзыретті орган қалпына келтіруге рұқсат бергенге дейін келісімшарт өзінің қолданысын тоқтата тұрған болып есептеледі.

 

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы