Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 16-1-бап. Тарифтік квоталар Сауда қызметін реттеу туралы Заңы

16-1-бап. Тарифтік квоталар Сауда қызметін реттеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

16-1-бап. Тарифтік квоталар Сауда қызметін реттеу туралы Заңы 

      1. Қазақстан Республикасында тауарларды өндіру және тұтыну құрылымында прогрессивтік өзгерістер үшін жағдай жасау және Қазақстанда шығарылған тауарлар мен шетелдік тауарлардың ұтымды арақатынасын сақтау мақсатында уәкілетті орган: 

      1) тауарлардың жекелеген түрлерін әкелуге немесе әкетуге арналған тарифтік квоталарды белгілейді; 

      2) бөлу әдісін, тәртібін, көлемін және олардың қолданылу мерзімін айқындайды. 

      Уәкілетті орган және өзге де мемлекеттік органдар тарифтік квотаны бөлу тәртібіне сәйкес, өз құзыреті шегінде сыртқы сауда қызметіне қатысушылар арасында тарифтік квоталарды бөледі. 

      2. Әкелуіне немесе әкетуіне қатысты тарифтік квоталар қолданылатын тауарларға кедендік баждардың квотаішілік мөлшерлемелерін және квотадан тыс мөлшерлемелерін Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес уәкілетті орган белгілейді. 

      3. Тарифтік квоталар шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағына тауарларды әкелу немесе әкету экспортқа және (немесе) импортқа уәкілетті орган беретін лицензиялар негізінде жүзеге асырылады. 

      Экспортқа және (немесе) импортқа лицензиялар беру тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Еуразиялық экономикалық комиссия актілеріне сәйкес белгіленеді. 

 

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі N 544 Заңы. 

        Осы Заң сауда қызметi саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, оны мемлекеттiк реттеудiң принциптерiн және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы