16-3-бап. Кассациялық соттың құрылымы мен құрамы Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы
1. Кассациялық сот төрағадан және судьялардан тұрады.
2. Кассациялық сотта мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін.
3. Мамандандырылған құрамдарды кассациялық соттың төрағасы жасақтайды.
4. Жалпы отырыс кассациялық сот органы болып табылады.
5. Судья лауазымына кандидаттардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалау үшін кассациялық сот жанынан консультативтік-кеңесші орган – Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құрылады.
Кассациялық сот судьялары лауазымдарына кандидаттар бойынша қорытындыларды Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес Жоғары Сот Кеңесіне құжаттарды тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін беруге тиіс.
Соттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңы.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы