Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 17-бап. Жоғарғы Соттың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

17-бап. Жоғарғы Соттың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

17-бап. Жоғарғы Соттың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Конституциялық заңы 

      1. Жоғарғы Сот жергілікті және басқа да соттардың соттылығына жататын азаматтық, қылмыстық, әкімшілік және өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген жағдайларда өзiнiң соттылығына жатқызылған сот iстерiн қарайды және сот практикасы мәселелерi бойынша түсiндірмелер беріп отырады.

      2. Жоғарғы Сот:

      1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерi мен материалдарын қарайды;

      2) сот практикасын зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша Республика соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;

      3) нормативтік қаулылар, қаулылар қабылдайды;

      3-1) алып тасталды - ҚР 21.02.2019 № 226-VI Конституциялық заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз);      3-2) алынып тасталды - ҚР 04.12.2015 № 437-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен;

      4) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

      3. Алып тасталды - ҚР 21.02.2019 № 226-VI Конституциялық заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз). 

 

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы № 132 Конституциялық заңы. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы