Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 178-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Экология кодексі

178-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Экология кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

178-бап. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Экология кодексі 

      1. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:

      1) тиісті заңды негіз болған кезде субъектіге (объектіге) бару арқылы профилактикалық бақылау немесе тексеру жүргізу үшін тексерілетін объектінің аумағына және үй-жайына, оның ішінде сынамаларды іріктеу үшін өлшеу аспаптарымен және жабдығымен кіруге және қажет болған кезде, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мамандарды, консультанттар мен сарапшыларды тарта отырып, қажетті өлшеулерді жүзеге асыруға, сынамалар (оның ішінде тауарлар мен материалдардың үлгілерін) алуға және оларды талдауға;

      2) тексерілетін субъектілерден (объектілерден) сынамаларды зертханалық зерттеу нәтижелерін және қоршаған ортаға антропогендік әсер ету көлемін айқындауға қажетті өзге де материалдарды сұратуға және алуға;

      3) мемлекеттік экологиялық бақылау субъектісінің Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұза отырып жүзеге асырылатын қызметін шектеу, тоқтата тұру және оған тыйым салу туралы сотқа талап қоюға;

      4) экологиялық залал келтіру фактілерін анықтауға және осы Кодекстің талаптарына сәйкес оны жою жөніндегі шараларды айқындауға қатысуға;

      5) Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзушылардың әрекеттерін болғызбау немесе оның жолын кесу үшін жәрдем көрсетуді сұрап прокуратураға және өзге де құқық қорғау органдарына жүгінуге;

      6) Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын бұзуға байланысты жеке және заңды тұлғалардың рұқсаттарын, қорытындыларын, лицензияларын және басқа да рұқсат беру құжаттарын кері қайтарып алу, олардан айыру және олардың қолданысын тоқтата тұру бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды қолдануға құқылы.

      2. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда арнайы құралдарды (мамандандырылған байланыс құралдарын, фото-, бейнеаппаратураны, өлшеу құралдарын) сақтауға, алып жүруге және қолдануға құқығы бар.

      3. Мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының экология заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша басқа да мемлекеттік органдармен, сондай-ақ жеке және (немесе) заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасасуға міндетті.

4. Бұзушылықтардың жолын кесу қажет болған жағдайда, мемлекеттік экологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың өкілеттіктерін іске асыру жұмыстан тыс уақытта (түнгі уақытта, демалыс немесе мереке күндері) жүргізілуі мүмкін

 

Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы 

421-бап. Кеден органы лауазымды адамдарының кедендік тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

421-бап. Кеден органы лауазымды адамдарының кедендік тексеруді жүргізу кезіндегі құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі       1....

Толық оқу »

154-бап. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының бақылауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі

154-бап. Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының бақылауды жүзеге асыру кезіндегі құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексі       1. Мемлек...

Толық оқу »

21-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері Орман кодексі Қазақстан Республикасының

21-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік орман инспекциясы лауазымды адамдарының құқықтары мен міндеттері Орман кодексі Қазақстан Республикасының       Ескерту. Тақырып жаң...

Толық оқу »

148-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар лауазымды адамдарының құқықтары мен мiндеттерi Жер кодексі Қазақстан Республикасының

148-бап. Жердi пайдалану мен қорғауды мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын органдар лауазымды адамдарының құқықтары мен мiндеттерi Жер кодексі Қазақстан Республикасының    ...

Толық оқу »