18-1-бап. Ресми хабарларға кірмейтін ақпаратты беру туралы сұрау салулар Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заңы
1. Бұқаралық ақпарат құралы ақпарат иеленушіге ресми хабарға кірмейтін ақпаратты беру туралы сұрау салулармен жүгінуге құқылы.
Бұқаралық ақпарат құралының журналисі ақпарат иеленушіге телефон арқылы ауызша сұрау салумен жүгінген кезде өзін таныстыруға және әңгіменің аудиожазбасы жүргізілген жағдайда, ол туралы хабарлауға міндетті.
Бұқаралық ақпарат құралдарының жазбаша және (немесе) электрондық құжат түрінде берілген ақпаратты беру туралы сұрау салулары бас редактордың (редактордың), уәкілетті тұлғаның немесе аккредиттелген журналистің қолы қойылып жіберіледі және (немесе) электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Сұрау салуға жауап, егер сұрау салудың өзінде өзгеше көрсетілмесе, ол келіп түскен күнінен бастап жеті жұмыс күні ішінде, келіп түскен сұрау салу нысанында және тілінде ұсынылады.
Сұрау салынған ақпарат бірнеше ақпарат иеленушінің құзыретіне кіретін және жазбаша сұрау салуға жауап беру кезінде өзге ақпарат иеленушілерден ақпарат алу талап етілетін жағдайларда, қарау мерзімін ақпарат иеленушінің басшысы бір мәрте күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл туралы бұқаралық ақпарат құралына қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде хабар беріледі.
2. Сұрау салу бойынша ақпарат беруден:
1) егер сұрау салудың мазмұны сұрау салу жіберілген ақпарат иеленушінің құзыретіне кірмесе;
2) егер сұрау салу осы Заңның талаптарына сәйкес келмейтін болса;
3) егер сұрау салынған ақпарат қолжетімділігі шектелген ақпаратқа жататын болса;
4) мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша шешім қабылданғанға дейін;
5) ведомствоаралық және ведомствоішілік хат алмасу немесе мемлекеттік органдардағы кеңесулер негізінде әзірленетін түпкілікті шешім қабылданғанға дейін;
6) шет мемлекеттерден немесе халықаралық ұйымдардан келіп түскен құжаттарды ашу шарттары туралы өзара келісім қабылданғанға дейін бас тартылады.
3. Бұқаралық ақпарат құралдарының сұрау салуына жауап ұсынбағаны немесе уақтылы жауап ұсынбағаны үшін мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
4. Бұқаралық ақпарат құралының өкілі сұрау салынған ақпаратты беруден бас тартуға мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды адамдардың азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне шағым жасау үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451 Заңы.
Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес олардың бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді белгілейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы