Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 181-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

181-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

181-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыз, хабар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы жеке тұлғаның арыздары ауызша және жазбаша не электрондық құжат нысанында болуы мүмкiн.

      Жазбаша арызға не электрондық құжат нысанындағы арызға оны берген адам осы баптың екінші бөлігінде арыз иесі туралы айтылған мәліметтерді көрсете отырып қол қоюға тиiс.

      2. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы ауызша арыз оны қабылдаудың жеке хаттамасына енгізіледі, онда арыз иесі, оның тұрғылықты жері немесе жұмыс орны, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер қамтылуға тиіс. Хаттамаға арыз иесі және арызды қабылдаған лауазымды адам қол қояды.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде немесе сот талқылауы барысында жасалған, қылмыстық құқық бұзушылық туралы ауызша арыз тиісінше тергеу әрекетінің хаттамасына немесе сот отырысының хаттамасына енгізіледі.

      3. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы мемлекеттік органның лауазымды адамының хабары және заңды тұлғаның арызы растайтын құжаттар мен материалдарды қоса бере отырып, жазбаша нысанда беріледі.

      4. Мемлекеттік органның лауазымды адамын қоспағанда, арыз иесі көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін қылмыстық жауаптылық туралы ескертіледі, бұл туралы арызда не хаттамада белгі жасалып, ол арыз иесінің қолымен куәландырылады.

      5. Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін көрсететін жеткілікті деректер болмаған кезде қылмыстық құқық бұзушылық фактілерін анықтау үшін уәкілетті органдардың ревизиялар мен тексерулер жүргізуін талап ететін арыздар мен хабарлар Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелместен, үш тәулік ішінде уәкілетті мемлекеттік органдарға қарау үшін жіберіледі.

      6. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы анонимді хабар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастауға себеп бола алмайды.

 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау 

362-бап. Өтiнiшхаттарды мәлiмдеу және шешу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

362-бап. Өтiнiшхаттарды мәлiмдеу және шешу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Төрағалық етушi тараптардан олардың жаңа куәларды, сарапшыларды және...

Толық оқу »

362-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің өтінішхаттарын беру және шешу

362-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық процестік кодексінің өтінішхаттарын беру және шешуТөрағалық етуші тараптардан жаңа куәгерлерді, сарапшылар мен мамандар...

Толық оқу »

242-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама

242-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жа...

Толық оқу »

273-бап. Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

273-бап. Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Дайындалып жатқан терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау –...

Толық оқу »