Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 19-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті қаржыландыру Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы Заңы

19-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті қаржыландыру Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

19-бап. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті қаржыландыру Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы Заңы 

      1. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті қаржыландыруды радиоактивті қалдықтарды түзушілер не олардың құқықтық мирасқорлары өз қаражаты есебінен жүзеге асырады.

      2. Ұлттық оператордың қызметін қаржыландыру:

      1) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу бойынша көрсетілетін қызметтер, орындалатын жұмыстар үшін сыйақылар;

      2) жер қойнауын пайдаланушылар ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және (немесе) жер қойнауын пайдаланудың салдарын жоюды қаржыландыру ретінде бөлетін қаражат;

      3) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты;

      4) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

      3.  Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі қызметті қаржыландыру мынадай жағдайларда:

      1) республикалық немесе коммуналдық меншіктегі ұйымдарда түзілетін және (немесе) жинақталған радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу;

      2) иесіз, пайдаланылып болған, жабылған радионуклидті көздермен және (немесе) иесіз, жинақталған радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу;

      3) республикалық немесе коммуналдық меншіктегі және (немесе) меншік иесі белгіленбеген тарихи радиоактивті қалдықтармен және тарихи радиациялық ластану объектілерімен жұмыс істеу;

      4) республикалық немесе коммуналдық меншіктегі радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін пайдаланудан шығару;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі өзге де қызметті жүзеге асыру кезінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 7 шiлдедегi № 335-VIII ҚРЗ 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау