Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Протокол / 2021 жылғы 16 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

2021 жылғы 16 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

2021 жылғы 16 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Қазақстан Республикасының Заңы 2026 жылғы 26 наурыздағы № 273-VIII ҚРЗ

  • 2021 жылғы 16 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2024 жылғы 8 мамырда Мәскеуде жасалған хаттама ратификациялансын.
  •  
  •       Қазақстан РеспубликасыныңПрезидентіҚ. ТОҚАЕВ
  •  
  • 2021 жылғы 16 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА

  •       Бұдан әрі мүше мемлекеттер деп аталатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер
  •      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты негізге ала отырып,
  •      2021 жылғы 16 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 12-бабының 3-тармағын басшылыққа ала отырып,
  •      төмендегілер туралы келісті:
  • 1-бап

  •       Келісімнің 8-бабына мынадай өзгерістер енгізілсін:
  •      1) 1-тармақтағы "қауіпті өнім туралы" деген сөздер "Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
  •      2) 2-тармақтың бірінші абзацындағы "Қауіпті өнім туралы" деген сөздер және 3-тармақтағы "қауіпті өнім туралы" деген сөздер "Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
  •      3) 4-тармақтағы "қауіпті өнім туралы" деген сөздер "Одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін өнім туралы" деген сөздермен ауыстырылсын.
  • 2-бап

  •       Осы Хаттама мүше мемлекеттердің осы Хаттаманың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий дипломатиялық арналар арқылы алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
  •      _________жылғы "___"__________________ Мәскеу қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
  •      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады, ол осы Хаттаманың депозитарийі бола отырып, әрбір мүше мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жібереді.
  •  

Жүктеу

  • Армения Республикасы үшінБеларусь Республикасы үшінҚазақстан Республикасы үшінҚырғыз Республикасы үшінРесей Федерациясы үшін
  •  
  •       Осымен осы мәтін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің 2024 жылғы 8 мамырда Мәскеу қаласында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасын үйлестіру мақсатында Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) жүзеге асырудың қағидаттары мен тәсілдері туралы 2021 жылғы 16 ақпандағы келісімге өзгерістер енгізу туралы Хаттаманың толық және теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын.
  •      Армения Республикасынан - Армения Республикасының Вице-премьер- министрі М.Г. Григорян;
  •      Беларусь Республикасынан - Беларусь Республикасы Премьер-министрінің орынбасары И.В. Петришенко;
  •      Қазақстан Республикасынан - Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары С.М. Жұманғарин;
  •      Қырғыз Республикасынан - Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинеті Төрағасының бірінші орынбасары А.А. Касымалиев;
  •      Ресей Федерациясынан - Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының орынбасары А.Л.Оверчук.
  •      Түпнұсқа данасы Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.
  •  
  •       Еуразиялық экономикалық комиссияныңҚұқықтық департаментінің директорыВ.И. Тараскин
  •  
  •       "2021 жылғы 16 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы
  •      Осымен 2021 жылғы 16 ақпандағы Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттері талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің көрсетілген саладағы заңнамасын үйлестіру мақсатында жүзеге асыру қағидаттары мен тәсілдері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың қазақ тіліндегі мәтіні орыс тіліндегі тең түпнұсқалы мәтініне сәйкес келетінін растаймын.
  •  
  •       Қазақстан РеспубликасыСауда және интеграция министріА. Шаққалиев

     

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы