Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 21-бап. Деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлi Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңы

21-бап. Деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлi Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

21-бап. Деректемелер мен көрнекi ақпарат тiлi Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңы  

     Деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтіндері орфография нормалары және мәтіннің теңтүпнұсқалы аудармасы сақтала отырып жазылады.

      Мемлекеттiк органдардың мөрлерi мен мөртаңбаларының мәтiнiнде олардың атаулары мемлекеттiк тiлде жазылады.

      Меншiк нысанына қарамастан, ұйымдардың мөрлерiнiң, мөртабандарының мәтiнi мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жазылады.

      Мемлекеттік ұйымдардың бланкілері мемлекеттік тілде және орыс тілінде, қажет болған кезде басқа тілдерде де жазылады.

      Мемлекеттік емес ұйымдардың бланкілері мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де жазылады.

      Мемлекеттік ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде және орыс тілінде, қажет болған кезде басқа тілдерде де орналастырылады.

      Мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де орналастырылады. Қазақстан Республикасында қорғалатын, мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшаларында пайдаланылатын тауар белгілері өзгермеген түрінде жазылады.

      Маңдайшаны орналастыруға "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес маңдайшаларды орналастыру туралы хабарлама жіберілген жағдайда жол беріледі.

      Хабарлама:

      1) маңдайшаны республикалық маңызы бар қалаларда, астанада, облыстық маңызы бар қалаларда орналастыру кезінде – республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына;

      2) маңдайшаны аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде орналастыру кезінде аудандардың жергілікті атқарушы органдарына жіберіледі.

      Хабарлама маңдайша орналастырылатын болжамды күннен кемінде бес жұмыс күні бұрын жіберіледі.

      Хабарламаға:

      1) маңдайшаны орналастыру орны туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны;

      2) маңдайшаның эскизі қоса беріледі.

      Жергілікті атқарушы органдар ұсынылған материалдарға жойылуы міндетті жазбаша уәжді ескертулер беруге құқылы.

      Жергілікті атқарушы органдар ескертулер ұсынған жағдайда маңдайша ескертулер жойылған кезде ғана орналастырылуы мүмкін.

      Жергілікті атқарушы органдар хабарламаны алған күннен бастап төрт жұмыс күні ішінде жауап бермеген жағдайда, өтініш беруші маңдайшаны өзі мәлімдеген мерзімдерде орналастыруға құқылы.

      Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, жол белгілеріндегі жазбалар мемлекеттік тілде жазылады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, хабарландырулар, жарнама, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, ас мәзірлері, нұсқағыштар және басқа да көрнекi ақпарат мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тiлдерде де орналастырылады.

      Қазақстанда өндiрiлетiн тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмаларында (этикеткаларында), таңбаламаларында, нұсқаулықтарында мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде қажеттi ақпарат болуға тиiс.

      Шетелде өндiрiлген тауарлардың арнайы мәлiметтер көрсетiлген тауарлық жапсырмалары (этикеткалары), таңбаламалары, нұсқаулықтары импорттаушы ұйымдардың қаражаты есебiнен мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi аудармасымен қамтамасыз етiледi.

      Деректемелер мен көрнекі ақпараттың барлық мәтiнi мынадай ретпен: мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады. Қажеттiгiне қарай деректемелер мен көрнекі ақпараттың мәтiндерi қосымша басқа да тiлдерге аударылуы мүмкiн. Бұл жағдайда қарiп өлшемi нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардан аспауға тиiс. Ауызша ақпарат, хабарландыру, жарнама мемлекеттiк тiлде, орыс және қажет болған жағдайда, басқа да тiлдерде берiледi.

 

Осы Заң Қазақстан Республикасында тiлдердiң қолданылуының құқықтық негiздерiн, мемлекеттiң оларды оқып-үйрену мен дамыту үшiн жағдай жасау жөнiндегi мiндеттерiн белгiлейдi, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тiлге бiрдей құрметпен қарауды қамтамасыз етедi.   

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі N 151 Заңы. 

Қазақстан Республикасының Президенті 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

30-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

30-бап. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тiлi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қазақстан Республикасында қылмыстық сот iсiн жүргiзу қазақ тілінде жүрг...

Толық оқу »

12-бап. Қарулы Күштер мен құқық қорғану органдарындағы тiл  Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңы

12-бап. Қарулы Күштер мен құқық қорғану органдарындағы тiл Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңы      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, сондай-ақ әскери және...

Толық оқу »

14-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзу тiлi Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңы

14-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзу тiлi Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңы      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер мемлекеттiк тiлде, ал қаж...

Толық оқу »

9-бап. Мемлекеттiк органдар актiлерiнiң тiлi Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңы

9-бап. Мемлекеттiк органдар актiлерiнiң тiлi Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңы      Мемлекеттiк органдардың актiлерi мемлекеттiк тiлде әзiрленiп, қабылданады, қажет...

Толық оқу »

11-бап. Азаматтардың өтiнiштерiне қайтарылатын жауап тiлi  Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңы

11-бап. Азаматтардың өтiнiштерiне қайтарылатын жауап тiлi Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңы      Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес ұйымдардың азаматтардың өтiнiштерi...

Толық оқу »

16-бап. Тiл - бiлiм беру саласында  3 тарау. Тiл - бiлiм беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңы

16-бап. Тiл - бiлiм беру саласында3 тарау. Тiл - бiлiм беру, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары саласында Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңы      Қазақс...

Толық оқу »

17-бап. Тiл - ғылым және мәдениет саласында  Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңы

17-бап. Тiл - ғылым және мәдениет саласында Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңы      Қазақстан Республикасында ғылым саласында, диссертацияларды ресiмдеу мен қорғауды...

Толық оқу »

8-бап. Атқарушылық iс жүргiзу тілі Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы

8-бап. Атқарушылық iс жүргiзу тіліАтқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы Заңы      Атқарушылық іс жүргізу және оны жүргізумен байланысты іс-қағаздар...

Толық оқу »

17-бап. Құжаттаманы жүргізу тілі "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

17-бап. Құжаттаманы жүргізу тілі "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы Орталықтың аумағында есептік-статистикалық, қаржылық,...

Толық оқу »

14-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің сот ісін жүргізу тілі

14-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің сот ісін жүргізу тілі1. Азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі,...

Толық оқу »

7-бап. Халықаралық шарттардың тiлi  Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы Заңы

7-бап. Халықаралық шарттардың тiлiҚазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен екіжақты халықаралық шарттары...

Толық оқу »

738-бап. Iс жүргiзу тiлi Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

738-бап. Iс жүргiзу тiлi Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі1. Қазақстан Республикасында әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iс жүргi...

Толық оқу »

19-бап. Сот ісін жүргізу тілі "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

19-бап. Сот ісін жүргізу тілі "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы Орталықта сот ісін жүргізу тараптардың өтініші бойынша қ...

Толық оқу »

14-бап. Сот ісін жүргізу тілі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

14-бап. Сот ісін жүргізу тілі Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуд...

Толық оқу »

37-бап. Республика Парламентiнiң жұмыс тiлдерi Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы Конституциялық заң

37-бап. Республика Парламентiнiң жұмыс тiлдерi Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы Конституциялық заң Парламент жұмысында тiлдердi п...

Толық оқу »

3-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заң

3-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының тілі Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Заң      1. Бұқаралық ақпарат құралдары мемлекеттiк тiлде және басқа да тiлдерде таратылады.     ...

Толық оқу »

5-бап. Онлайн-платформалардың тілі Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы Заңы

5-бап. Онлайн-платформалардың тіліОнлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы Заңы      1. Онлайн-платформаның меншік иесі қазақ тілінде интерфейсті пайдалануға, сондай-ақ...

Толық оқу »

15-бап. Орталықтың тілі "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

15-бап. Орталықтың тілі "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы Орталықтың бүкіл аумағында Орталық реттейтін қоғамдық қатынаст...

Толық оқу »

16-бап. Орталық актілерінің тілі "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

16-бап. Орталық актілерінің тілі "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы Орталықтың актілері ағылшын тілінде әзірленеді және қ...

Толық оқу »

22-бап. Тіл – байланыс және цифрландыру саласында Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңы

22-бап. Тіл – байланыс және цифрландыру саласында Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңы      Қазақстан Республикасының шегінде байланыс саласында мемлекеттік тілдің және...

Толық оқу »

18-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап беру тілі "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы

18-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап беру тілі "Астана" халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы Жеке және заңды тұлға...

Толық оқу »