Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 21-бап. Концессия шартының мазмұны  4-тарау. КОНЦЕССИЯ ШАРТЫ Концессиялар туралы Заңы

21-бап. Концессия шартының мазмұны  4-тарау. КОНЦЕССИЯ ШАРТЫ Концессиялар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

21-бап. Концессия шартының мазмұны   4-тарау. КОНЦЕССИЯ ШАРТЫ Концессиялар туралы Заңы - Исключен Законом РК | ҚР Заңымен алынып тасталды.

      1. Концессия шартында: 

      1) концессия объектiсi туралы мәлiметтер, оның сипатталуы, оның ішінде мүліктің құрамы, техникалық жай-күйі, қызмет мерзімі, берілетін концессия объектісінің бастапқы, қалдық және қалпына келтіру құны туралы мәліметтер; 

       2) концессионердiң концессия объектiсiне құқықтары туралы, оның ішінде концессия шарты тоқтатылған жағдайда құрылысы аяқталмаған концессия объектісіне құқықтары және (немесе) белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыруға құқықтары туралы талаптар, концессия шартының талаптарын орындау кезінде пайда болған зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелеріне мүліктік құқықтар туралы талаптар;  

      3) концессионердің көрсетілетін қызметтердi қажеттi мөлшерде және сапада ұсынуы мақсатында объектiге реконструкция жүргiзудiң шарттары мен көлемi; 

      4) концессионер шығындарының орнын толтыру және табыс алу көздерi; 

      5) тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) қалыптастыру және бекіту тәртібі; 

      6) инвестициялардың, оның iшiнде негiзгi қорларға инвестициялардың мөлшерi туралы шартты, әзiрленген бизнес-жоспарға (жұмыс бағдарламасына) сәйкес концессиялық жобаны қаржыландырудың мерзiмдерi, көздерi мен шарттары; 

      7) қызмет түрлерi (концессия шартының талаптары бойынша орындалатын (ұсынылатын) жұмыстар (көрсетілетін қызметтер); 

      8) концессия шарты бойынша концессионер ұсынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) сапа стандарттары; 

      9) концессия шартының қолданылу мерзiмi; 

      10) тараптардың құқықтары мен мiндеттерi; 

      11) қоршаған ортаны қорғау және жұмыстарды жүргiзу қауiпсiздiгі жөніндегі талаптар; 

      12) объектіні қабылдауға уәкілеттік берілген тұлғаларды қоса алғанда, тараптардың концессия объектісін беру тәртібі мен шарттары және оның сапасына қойылатын талаптар, сондай-ақ концессия объектісінің құрамына кірмейтін өзге де мүлікті беруге негіз болатын құқықты көрсете отырып, көрсетілген мүлікті берудің тәртібі мен шарттары; 

      13) тараптардың жауапкершiлiгi; 

      14) концессия шартын өзгерту және тоқтату талаптары; 

      15) тараптардың орналасқан жерi (заңды мекенжайы) және банктiк деректемелерi; 

      16) концеденттiң концессия шартының орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртiбi; 

      17) концессионердiң қабылданған мiндеттемелердi орындауын бағалау критерийлері, олар орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда тұрақсыздық айыппұлын төлеу және мемлекеттік концессиялық міндеттемелер көлемін азайту тәртiбi; 

      18) осы Заңның 14-бабына сәйкес мемлекеттiк қолдау ұсынылған жағдайда оның түрлерi, ұсынылу көлемi, мерзiмдерi мен шарттары; 

      19) елішілік құндылық жөнiндегi мiндеттемелер; 

      20) концессионердiң жыл сайын, сатып алуды жүргiзу үшiн жоспарланатын жылдың 1 ақпанынан кешiктiрмей тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алудың алдағы жылға арналған жылдық бағдарламасы мен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты сауда қызметін реттеу саласындағы уәкiлеттi органға ол белгiлеген нысан бойынша және мерзiмдерде беру жөнiндегi мiндеттемелерi; 

      21) тәуекелдердің тараптар арасында бөлінуі; 

      22) концессия шарты бойынша берілетін мүлікті күтіп-ұстау ауыртпалығының, сондай-ақ көрсетілген мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну тәуекелдерінің өту шарттары мен мерзімдері; 

      23) концеденттің мүдделерін білдіретін уәкілетті мемлекеттік органдар туралы мәліметтер; 

      24) концессия объектісін құру (реконструкциялау) жөніндегі жұмыстарды орындау, оны пайдалануға беру мерзімі, сондай-ақ осы мерзімді ұзарту тәртібі; 

      25) концессия шартын орындау, атап айтқанда, концессия шарты шеңберінде белгілі бір іс-қимылды орындауға, ақшаны жинауға және бөлуге, өзге төлемдерді концессия шартына сәйкес көлемде және тәртіппен жүзеге асыруға, сондай-ақ өзге де құқықтар мен міндеттерді орындауға келісім беру үшін тартылатын өзге де тұлғалардың құқықтары мен міндеттері; 

      26) концессия шартының талаптарын біржақты өзгертудің және (немесе) оны орындаудан біржақты бас тартудың айрықша жағдайлары; 

      27) концессия шарты бойынша дауларды шешу тәртібі; 

      28) концессия шарты мерзімінен бұрын тоқтатылған жағдайда, тараптар шығыстарының орнын толтыру тәртібі қамтылуға тиіс. 

      2. Концессия шартында, сондай-ақ: 

      1) концессия шарты тараптары міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері; 

      2) концессия шартында көзделген қызметті жүзеге асыруға байланысты табыстардың концедент пен концессионер арасында бөлінуі; 

      3) концессия объектісін пайдалануды жүзеге асыру үшін концессионер тартатын ұйымды және онымен жасалатын шарттың елеулі талаптарын келісу; 

      4) концессия объектісін құру (реконструкциялау) үшін концессионер тартатын мердігерді (бас мердігерді) және онымен жасалатын шарттың елеулі талаптарын келісу; 

      4-1) ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру шеңберінде концессионердің кредиторларымен тараптардың тікелей келісім жасасуының тәртібі мен талаптары; 

      4-2) ерекше маңызы бар концессиялық жобаларды іске асыру кезінде валюталық тәуекелдерді реттеу тетігі; 

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де шарттар көзделуі мүмкін. 

      3. Концессия шартына тараптардың келісуі бойынша өзгерістер енгізілетін жағдайларды қоспағанда, концессия шартының талаптары ол қолданылатын бүкіл мерзімде күшін сақтайды. 

      4. Концессия шартында концеденттің қоғам мен мемлекет мүдделерінде концессия шартының талаптарын біржақты тәртіппен өзгерту немесе концессия шартын бұзу жағдайы көзделуге тиіс, бұл ретте концессия шартында Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, оның ішінде мұндай іс-әрекеттер ұлттық және экологиялық қауіпсіздікті, денсаулық сақтауды және имандылықты қамтамасыз ету мақсатында жасалатын осындай жағдайлардың толық тізбесі қамтылуға тиіс. 

      4-1. Ерекше маңызы бар концессиялық жобалар бойынша концессия шартында мынадай жағдайларда: 

      1) концессия шартында айқындалған, концессия шартының елеулі талаптарын концессионер бұзған кезде; 

      2) концессия шартында айқындалған, концесия шартының елеулі талаптарын концедент бұзған кезде; 

      3) еңсерілмейтін күш жағдаяттарының басталуы салдарынан концессия шартын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын бұзу талаптары көзделуі мүмкін. 

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген оқиғалар туындаған кезде концессия шартын мерзімінен бұрын бұзу нәтижесінде туындаған шығыстарды және (немесе) шығындарды және (немесе) залалдарды концессионерге өтеу тәртібі, мерзімдері және талаптары концессия шартында айқындалады. 

      5. Концедент осы баптың 4-тармағында көрсетілген құқықты іске асырған жағдайда, концедент концессионерге концессия шарты талаптарының өзгеруіне байланысты қосымша шығындарды өтеуге, сондай-ақ концессия шартының бұзылуына байланысты концессионер шеккен залалдың орнын толтыруға міндетті. 

      6. Концессионер концессия шарты бойынша өз құқықтарын концеденттің жазбаша келісімімен ғана кепілге беруге құқылы. 

      Концессия шарты бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысы түріндегі ақшалай түсімдер бойынша өзінің талап ету құқықтарын кепілге беру концессия шартының талаптарына сәйкес концессиялық жобаны іске асыру үшін қарыздық қаржыландыруды тарту мақсатында ғана жүзеге асырылады. 

      Концессионердің кредиторға концессия шарты бойынша өзінің құқықтарын кепілге беруі және аталған құқықтар құнын есепке алу Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

      Пайдалануға берілген концессия объектілері бойынша инвестициялық шығындарды өтеу концессия шартының талаптарында көзделген сомалар мен мерзімдер шегінде толық көлемде жүзеге асырылады. 

      Концессия шарты бойынша концессионердің талаптарын басқаға беруге немесе борышын ауыстыруға, өзіне (өздеріне) концессионердің құқықтары мен міндеттері өтетін тұлға (тұлғалар) осы Заңның 18-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, концеденттің келісімімен жол беріледі. 

      Концессионер кредиторларының талабы бойынша концессионер ауыстырылған жағдайда, концессия шарты бойынша концессионердің талаптарын басқаға беру және (немесе) борышын ауыстыру тікелей келісімде айқындалатын тәртіппен конкурс (аукцион) өткізбей жүзеге асырылады. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 167 Заңы. 

           Осы Заң концессияның құқықтық жағдайларын, концессионерді мемлекеттік қолдау түрлерін айқындайды және концессия шарттарын жасасу, орындау және тоқтату процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы  

ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ ШАРТ авторлық және сабақтас құқық объектілерін пайдалануға құқық беру туралы

ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ ШАРТавторлық және сабақтас құқық объектілерін пайдалануға құқық беру туралыНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі е...

Толық оқу »

Жалдау шарты бойынша шарт (мәміле) жасау, оны өзгерту, бұзу және келісім-шарттық міндеттемелерді орындауға байланысты даулар

Жалдау шарты бойынша шарт (мәміле) жасау, оны өзгерту, бұзу және келісім-шарттық міндеттемелерді орындауға байланысты даулар Азаматтық кодекстің 540- бабына сәйкес мүлiктік жа...

Толық оқу »

Тасымалдау келісім-шарты бойынша келісім-шарт міндеттерін орындауымен және келісімшартты (мәмілені) жасау, өзгерту, бұзуымен байланысты даулар

Тасымалдау келісім-шарты бойынша келісім-шарт міндеттерін орындауымен және келісімшартты (мәмілені) жасау, өзгерту, бұзуымен байланысты даулар Бұл санаттағы істерді шартты түр...

Толық оқу »

100-бап. Нотариустың басқа мемлекеттердiң құқық нормаларын қолдануы  18-тарау. Нотариустың басқа мемлекеттердiң құқық нормаларын қолдануы. Халықаралық шарттар Нотариат туралы Заңы

100-бап. Нотариустың басқа мемлекеттердiң құқық нормаларын қолдануы18-тарау. Нотариустың басқа мемлекеттердiң құқық нормаларын қолдануы. Халықаралық шарттар Нотариат туралы За...

Толық оқу »

АЛДЫН АЛА САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫ

АЛДЫН АЛА САТЫП АЛУ-САТУ ШАРТЫ Назар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне және әрдайым нақты жағдайдың талаптарына сәйке...

Толық оқу »