Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 21-бап. Жеке кәсiпкердiң банкроттығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

21-бап. Жеке кәсiпкердiң банкроттығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

21-бап. Жеке кәсiпкердiң банкроттығы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

      1. Дара кәсiпкердiң дәрменсiздiгi (осы Кодекстiң 52-бабы) оны банкрот деп тануға негiз болып табылады.

      2. Дара кәсіпкердің банкроттығы Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген қағидалар бойынша ерiктi немесе мәжбүрлi түрде танылады. Дара кәсiпкердің банкроттық рәсімінің аяқталуы туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енген күннен бастап оны дара кәсiпкер ретiнде тiркеудiң күшi жойылады.

      3. Дара кәсiпкерге банкроттық рәсiмдерiн қолданған кезде оның кәсiпкерлiк қызметпен байланысты емес мiндеттемелер бойынша кредиторлары, егер осындай мiндеттемелер бойынша орындау мерзiмi басталған болса, өз талаптарын қоюға да құқылы. Көрсетілген кредиторлардың осындай тәртiппен мәлiмделмеген талаптары, сондай-ақ мүліктік массадан толық көлемде қанағаттандырылмаған талаптар күшiн сақтап қалады және банкроттық рәсiмдері аяқталғаннан кейiн жеке тұлға ретiнде борышкерге өндiрiп алынуға қойылуы мүмкiн. Бұл талаптардың мөлшерi борышкердiң банкроттығы процесiнде алынған қанағаттандыру сомасына азайтылады.

      Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 07.03.2014 № 177-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 26.12.2019 № 290-VІ Заңымен(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 

Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

 

Комментарий к статье 21. Банкротство индивидуального предпринимателя Гражданского кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 21. Банкротство индивидуального предпринимателя Гражданского кодекса Республики Казахстан Банкротство индивидуального предпринимателя независимо от в...

Толық оқу »

39-бап. Дара кәсiпкердiң банкроттығы Предпринимательского кодекса Республики Казахстан

39-бап. Дара кәсiпкердiң банкроттығы Предпринимательского кодекса Республики Казахстан       Дара кәсiпкердiң банкроттық рәсімі Қазақстан Республикасының оңалту және банкрот...

Толық оқу »

119-бап. Қала құраушы борышкер – заңды тұлғалардың банкроттығы Оңалту және банкроттық туралы Заңы

119-бап. Қала құраушы борышкер – заңды тұлғалардың банкроттығыОңалту және банкроттық туралы Заңы      1. Қала құраушы болып табылатын заңды тұлға – борышкер осы тарауда белгіл...

Толық оқу »

122-бап. Ауылшаруашылық өнімін өндірушілердің банкроттығы Оңалту және банкроттық туралы Заңы

122-бап. Ауылшаруашылық өнімін өндірушілердің банкроттығыОңалту және банкроттық туралы Заңы      1. Ауылшаруашылық өнімін өндіруші болып табылатын борышкер осы тарауда белгiле...

Толық оқу »

Жеке кәсіпкердің банкроттығы

Жеке кәсіпкердің банкроттығы🔷 I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕҚазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 21-бабы жеке кәсіпкерді (ЖК) азаматтық-құқықтық қатынастар субъектісі ретінде банкротт...

Толық оқу »