213-бап. Ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, бейнебайланыс режимінде жауап алудың (қашықтықтан жауап алу) ерекшеліктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Жәбірленушіден, куәдан, қорғалуға құқығы бар куәдан, күдіктіден жауап алу, сондай-ақ беттестіру олар аумағында болатын не тұратын ауданның не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына оларды шақыру арқылы ғылыми-техникалық құралдар пайдаланыла отырып, бейнебайланыс режимінде (қашықтықтан жауап алу, беттестіру) жүргізілуі мүмкін. Қашықтықтан жауап алу, беттестіру барысында процестік әрекетке қатысушылар жауап алынып жатқан адамның айғақтарын тікелей трансляциядан бірден қабылдайды.
Қашықтықтан жауап алу, беттестіру:
1) адамның денсаулық жағдайы немесе басқа да дәлелді себептер бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеру (қарау) жеріндегі қылмыстық процесті жүргізетін органға тікелей келуі мүмкін болмайтын;
2) адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет болатын;
3) жас немесе кәмелетке толмаған куәдан, жәбірленушіден жауап алу жүргізілген;
4) сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімінің сақталуын, істің сотта қаралуын қамтамасыз ету үшін қажет болған;
5) жауап алу қиын немесе артық шығындармен байланысты болады деп пайымдауға негіз беретін себептер болған жағдайларда жүргізіледі.
2. Қашықтықтан жауап алуды жүргізу туралы шешімді сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам өз бастамасымен немесе тараптың немесе қылмыстық процеске басқа да қатысушылардың өтінішхаты бойынша немесе прокурордың нұсқауы бойынша осы Кодекстің 188-бабында көзделген тәртіппен тапсырма жібере отырып, қабылдайды.
Қашықтықтан жауап алған кезде ғылыми-техникалық құралдар мен технологияларды пайдалану бейне мен дыбыстың тиісті сапасын, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.
3. Бейнебайланыс режимінде жүргізілген тергеу әрекетінің барысы мен нәтижелері осы Кодекстің 199-бабының талаптарына сәйкес тапсырманы орындайтын сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы жасайтын хаттамада көрсетіледі. Қашықтықтан жауап алу, беттестіру хаттамасында көмегі арқылы тергеу әрекеті жүргізілетін ғылыми-техникалық дыбыс- және бейнежазба құралдары туралы мәліметтер көрсетіледі.
Жауап алынатын адамның хаттамаға толықтырулар мен нақтылаулар енгізу туралы талаптары міндетті түрде орындалуға жатады.
Хаттама оған қол қойылғаннан кейін істі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға жіберіледі.
4. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында адамнан оның өтінішхаты бойынша оны тануды болдырмайтын сыртқы келбеті мен дауысы өзгертіле отырып, бейнебайланыс режимінде жауап алынуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 4 шілдедегі № 231-V ҚРЗ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы