31-бап. Процестік әрекеттер мен шешiмдерге шағым жасау бостандығы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Сот пен қылмыстық қудалау органының әрекеттерi мен шешiмдерiне осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
2. Әрбiр сотталған адамның, ақталған адамның үкiмдi жоғары тұрған сотқа осы Кодексте белгiленген тәртiппен қайта қаратуға құқығы бар.
3. Шағымды оны берген немесе өзінің мүддесінде шағым берілген тұлғаға зиян келтіретіндей етіп қолдануға жол берілмейді.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы