225-5-бап. Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдіктер беруді есепке алу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі
Экспортты қолдау бойынша берілетін мемлекеттік кепілдіктер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тіркелуге және есепке алынуға жатады.
Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдік берген міндеттемеге мониторингті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
Экспортты қолдау бойынша мемлекеттік кепілдігі бар Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігінің қаржылық жағдайын мониторингілеу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 225-5-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 23.01.2024 54-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы