89-бап. Асырап алуға жататын балаларды және балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі
1. Асырап алуға жататын балаларды есепке алу осы Кодекстің 117-бабының 5 -тармақтарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алуды Қазақстан Республикасының балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органы белгiлеген тәртiппен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын органдар жүргiзедi.
3. Жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға тілек білдірген, Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын, Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарды, шетелдiктердi есепке алуды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі айқындайтын тәртiппен Қазақстан Республикасының шетелдегi мекемелерi жүргiзедi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы