Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 57-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларындағы есепке алу және есептілік Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

57-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларындағы есепке алу және есептілік Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

57-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларындағы есепке алу және есептілік Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 

   1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және:

      1) міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері;

      2) жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері;

      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаржы-шаруашылық қызметін қамтамасыз етуге арналған меншікті қаражаты;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      4) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан аударылатын аударымдар есебінен қалыптастырылған нысаналы жинақтар мен нысаналы активтер бойынша қаржылық есептілікті бөлек-бөлек жасайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      1-тармақтың екінші бөлігіне өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры бухгалтерлік есепке алуды жүргізеді және қаржылық есептілікті меншікті қаражаты мен ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша бөлек-бөлек жасайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!      1-1-тармақпен толықтыру көзделген – ҚР 30.06.2025 № 205-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

    1-1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қаржылық және өзге де есептілікті, сондай-ақ бастапқы статистикалық деректерді ұсынады.

      2. Міндетті зейнетақы жарналары салымшыларының, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) жеке зейнетақы шоттарында міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен құралған зейнетақы жинақтарын есепке алу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бөлек-бөлек жүргізіледі.

      3. Шартты зейнетақы міндеттемелерін есепке алу қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізіледі.

      4. Резервтік қорларды қалыптастыруды және пайдалануды қоса алғанда, шартты зейнетақы міндеттемелерін қалыптастыру тәртібі, оларды есептеу әдістемесі мен құрылым қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде айқындалады.

      5. Жеке зейнетақы шотында зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алуды жүзеге асыру және ақпараттың сенімділігін, сақталуын және санкцияланбаған қол жеткізуден қорғалуын қамтамасыз ету үшін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының бағдарламалық қамтылымы түріндегі автоматтандырылған ақпараттық жүйелер пайдаланылады.

      Зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын ескере отырып белгілейді.

      6. Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары өздері үшін ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғалардың (зейнетақы төлемдерін алушылардың) ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын есепке алуды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүргізеді.

      7. Зейнетақы жарналарын есепке алудың дұрыс жүргізілуін және міндетті зейнетақы жарналарының салымшыларына, өздері үшін жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары аударылған жеке тұлғаларға (зейнетақы төлемдерін алушыларға) инвестициялық кірістің есепке жазылуын бақылауды қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

      8. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары бухгалтерлік есепке алуда және есептілікті жасау кезінде пайдаланылатын құжаттардың есепке алынуын және сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Сақталуға жататын құжаттардың тізбесін және олардың сақталу мерзімдерін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.

2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

   

154-бап. Жер учаскелерiн тiркеу мақсаты үшiн есепке алу Жер кодексі Қазақстан Республикасының

154-бап. Жер учаскелерiн тiркеу мақсаты үшiн есепке алу Жер кодексі Қазақстан Республикасының       1. Жер учаскелерiн және онда орналасқан жылжымайтын мүлiктi тiркеу мақс...

Толық оқу »

431-бап. Кедендік бақылаудағы тауарларды және олармен жасалатын кедендік операцияларды есепке алу Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

431-бап. Кедендік бақылаудағы тауарларды және олармен жасалатын кедендік операцияларды есепке алу Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі       1. Кеден ор...

Толық оқу »

140-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың есептелген, есепке жазылған, төленген сомаларын есепке алу Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

140-бап. Арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарының, өсімпұлдардың, пайыздардың есептелген, есепке жазылған, төленген сомаларын есепке алу Қазақстан Республикасындағы кеденді...

Толық оқу »

106-бап. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың есептелген, есепке жазылған, төленген сомасын есепке алу Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

106-бап. Кедендік баждардың, кедендік алымдардың, салықтардың, өсімпұлдардың, пайыздардың есептелген, есепке жазылған, төленген сомасын есепке алу Қазақстан Республикасындағы...

Толық оқу »

53-бап. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімдерді есепке алу Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

53-бап. Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыныптау туралы шешімдерді есепке алу Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі Құрастырылмаған түрдегі тауарды сыны...

Толық оқу »

71-бап. Мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін есепке алу Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

71-бап. Мемлекеттік жер қойнауы қорының жай-күйін есепке алу Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкодексі 1. Мемлекеттік жер қойнауы қорыны...

Толық оқу »

187-бап. Өндірістік экологиялық бақылау бойынша есепке алу және есептілік Қазақстан Республикасының Экология кодексі

187-бап. Өндірістік экологиялық бақылау бойынша есепке алу және есептілік Қазақстан Республикасының Экология кодексі 1. Объектінің операторы қоршаған ортаны қорғау саласында...

Толық оқу »

31-бап. Қордың есепке алуы және есептілігі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі

31-бап. Қордың есепке алуы және есептілігі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі 1. Қор Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бухгалтерлік есеп...

Толық оқу »

935-бап. Жәбiрленушiнiң кiнәсi мен зиян келтiрген адамның мүлiктiк жағдайын есепке алу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

935-бап. Жәбiрленушiнiң кiнәсi мен зиян келтiрген адамның мүлiктiк жағдайын есепке алу Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi1. Жәбiрленушiнiң терiс пиғылы салдарынан пай...

Толық оқу »

89-бап. Асырап алуға жататын балаларды және балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

89-бап. Асырап алуға жататын балаларды және балаларды асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының код...

Толық оқу »