Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Конституциялық заң / 23-1-бап. Парламент Палаталарының Республика лауазымды адамдарын қызметке тағайындау тәртібі Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы Конституциялық заң

23-1-бап. Парламент Палаталарының Республика лауазымды адамдарын қызметке тағайындау тәртібі Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы Конституциялық заң

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

23-1-бап. Парламент Палаталарының Республика лауазымды адамдарын қызметке тағайындау тәртібі Қазақстан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы Конституциялық заң 

      1. Парламенттің әр Палатасы дербес, басқа Палатаның қатысуынсыз Конституциялық Соттың үш судьясын қызметке тағайындайды; Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін, Жоғары аудиторлық палатаның үш мүшесін бес жыл мерзімге қызметке тағайындайды.

      2. Осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды қызметке тағайындау Палатаның отырысында жүзеге асырылады. Палатаның қызметке тағайындауы үшін осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың ұсынылған кандидатуралары мәселе Палатаның отырысында қаралғанға дейін Палата Бюросының шешімімен белгіленген Палатаның тиісті комитетінің отырысында талқылануға тиіс.

      Кандидатураларды қараудың нәтижелері негізінде комитет әрбір талқыланған кандидатура бойынша Палата отырысында жария етілетін қорытынды шығарады.

      3. Тиісті Палата отырысында қызметке тағайындау туралы мәселе қаралған кезде қызметке кандидатураларды тиісті Палатаның Төрағасы таныстырады.

      4. Тиісті Палатаның отырысында:

      1) кандидатқа және кандидатты таныстырушы адамға сұрақтар қойылуы;

      2) депутаттар ұсынылған кандидатты "жақтап" немесе "қарсы" пікірлер білдіруі мүмкін.

      5. Егер депутаттар ұсынылған кандидатура бойынша жарыссөз ашуды талап етпесе, жарыссөз ашылмауы мүмкін.

      6. Егер Парламенттің тиісті Палатасы ұсынылған кандидатуралар бойынша қызметке тағайындау туралы шешімдер қабылдамаған жағдайда, Төраға тиісті Палатаға нақ осы адамдарға немесе жаңа кандидатураларға жазбаша ұсынулар енгізеді.

      7. Парламент Мәжілісі мен Сенаты осы баптың 1-тармағында аталған адамдарды қызметке тағайындау туралы шешімдерді Парламенттің тиісті Палатасы депутаттарының жалпы санының көпшілік даусымен қабылдайды.

      8. Егер тиісті Палата дауыс берудің өзгеше тәртібін белгілемесе, шешімдер әр кандидатура бойынша ашық дауыс беру арқылы қабылданады.

      9. Шешімдер тиісті Палатаның қаулыларымен әр кандидатура бойынша жеке ресімделеді.

      10. Қызметке тағайындау үшін Палата Төрағасы ұсынған кандидатуралар қабылданбаған жағдайда тиісті Палатаның шешімінде қабылдамаудың толық дәлелдемесі болуға тиіс. 

 

 

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 16 қазандағы № 2529 Конституциялық заңы 

      Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламентiн ұйымдастыруды және оның қызметiн, оның депутаттарының құқықтық жағдайын белгiлейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы