Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 23-бап. "Бағалаушы", "сарапшы" біліктіліктерін беру туралы куәліктерді алу тәртібі  Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы Заңы

23-бап. "Бағалаушы", "сарапшы" біліктіліктерін беру туралы куәліктерді алу тәртібі  Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

23-бап. "Бағалаушы", "сарапшы" біліктіліктерін беру туралы куәліктерді алу тәртібі  Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы Заңы 

      1. "Бағалаушы", "сарапшы" біліктіліктерін беру туралы куәліктерді алуға үміткер кандидаттар біліктілік емтиханын тапсырады. 

      2. "Бағалаушы" біліктілігін беру туралы куәлікті алу үшін өткізілетін біліктілік емтиханына Бағалау мамандығы бойынша жоғары білімі және (немесе) жоғары техникалық немесе экономикалық білімі бар, бағалаушылар палатасы бекіткен бағдарламаға сәйкес және сағаттар көлемінде оқытудан немесе қайта даярлаудан, сондай-ақ бағалаушыда кемінде бір жыл мерзімде тағылымдамадан өткен жеке тұлғалар жіберіледі. 

      Бағалаушыға кандидаттарды оқыту, кәсіптік қайта даярлау бағдарламасы мен сағаттар көлемі бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгілік бағдарламаға сәйкес келуге тиіс. 

      3. "Сарапшы" біліктілігін беру туралы куәлікті алу үшін өткізілетін біліктілік емтиханына бағалаушылар жіберіледі. 

      4. Осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда адамдар біліктілік емтиханына жіберілмейді. 

      Бағалаушылар палатасы адамға біліктілік емтиханына жіберуден бас тарту туралы шешімді өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді. 

      5. Бағалаушылардың, сарапшылардың біліктілік емтиханын өткізуге арналған тест тапсырмаларын бағалаушылар палатасы бағалау қызметі саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді. 

      Біліктілік емтиханы жазбаша нысанда жүргізіледі. 

      6. Біліктілік емтиханын тапсырған адамдар куәліктің нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) көрсетілген "бағалаушы", "сарапшы" біліктіліктерін беру туралы куәліктерді алады. 

       "Бағалаушы", "сарапшы" біліктіліктерін беру туралы шешімдер бағалаушылар палатасының интернет-ресурсында орналастырылады.  

      7. Біліктілік емтиханын тапсыра алмаған адамдар біліктілік комиссиясы шешім қабылдаған күннен бастап үш ай өткен соң одан қайта өтуге жіберіледі. 

      8. Бағалаушылар палатасы мүшелерінің, сарапшылық кеңес мүшелерінің және жосықсыз бағалаушылардың тізілімдері нысандарын және оларды жүргізу тәртібін бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

      "Бағалаушы", "сарапшы" біліктіліктерін беру туралы куәліктерді беру қағидаларын бағалаушылар палатасы бекітеді. 

      9. Бағалаушыға, сарапшыға кандидаттардың біліктіліктерін растау үшін біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бағалау қызметі саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

 

 

      Осы Заң Қазақстан Республикасында бағалау қызметiн жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ бағалау қызметін реттеудің құқықтық негіздерін айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы