23-бап. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары Білім туралы Заңы
1. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары оқыту нәтижелеріне және ұлттық біліктілік шеңберіне және салалық біліктілік шеңберлеріне сәйкестікке бағдарлана отырып, білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Сот төрелігі академиясындағы, әскери, арнаулы оқу орындарындағы қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары оқыту нәтижелеріне және (немесе) тиісінше Қазақстан Республикасының соттарындағы, құқық қорғау органдарындағы, Қорғаныс министрлігіндегі және ұлттық қауіпсіздік органдарындағы кәсіптік құзыреттерге, біліктілік сипаттамаларына және біліктілік талаптарына сәйкестікке бағдарлана отырып, білім алушылар мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған.
2. Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары мазмұнына және бағытына қарай:
1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру бағдарламалары;
2) қазіргі заман талаптарына сай келетін кәсіптік құзыреттерді дамытуға бағытталған мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламалары;
2-1) еңбек нарығының қажеттіліктері ескеріле отырып, біліктілік алуға бағытталған мамандарды қайта даярлау бағдарламалары;
3) жетекші ғалымның жетекшілік етуімен мамандандырылған тақырып бойынша ғылыми білімді тереңдетуге, ғылыми және қолданбалы міндеттерді шешуге бағытталған докторлықтан кейінгі бағдарламалар болып бөлінеді.
3. Балалардың музыкалық мектептерінің, балалардың көркемсурет мектептерінің және балалардың өнер мектептерінің білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін білім беру бағдарламаларын , сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі бекітетін әскерге шақыруға дейінгі даярлық бойынша қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдары іске асыратын балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын оларға қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын атқаратын органдар бекітеді.
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы.
Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы