232-бап. Жалған төлем карточкалары мен өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе өткізу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
1 Жалған төлем карточкаларын, сондай-ақ бағалы қағаздар болып табылмайтын өзге де төлем және есеп айырысу құжаттарын өткізу мақсатында жасау немесе өткізу –
мүлкі тәркіленіп, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2 Бiрнеше рет жасалған немесе қылмыстық топ жасаған дәл сол іс-әрекеттер –
мүлкi тәркiленiп, үш жылдан алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1400000226#z1
Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың
нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы