24-бап. Денсаулық сақтау саласындағы хабарламалар Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі
1. Денсаулық сақтау саласындағы қызметтің мынадай түрлері:
1) халықтың декреттелген топтарын гигиеналық оқыту;
2) эпидемиялық мәні болмашы объектінің қызметі (пайдаланылуы);
3) санитариялық-эпидемиологиялық аудит жүргізу;
4) медициналық бұйымдарды көтерме саудада өткiзу;
5) медициналық бұйымдарды бөлшек саудада өткiзу;
6) интервенциялық емес клиникалық зерттеулер жүргізу хабарлама жасау бойынша жүзеге асырылады.
2. Осы бапта көрсетілген қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен беріледі.
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология кодексі Әлеуметтік кодекс Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы