24-бап. Мемлекеттiк орман иеленушiлердiң құқықтары Орман кодексі Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк орман иеленушiлердiң:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн пайдалану;
2) осы Кoдекстe айқындалған тәртiппен мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асыру;
2-1) нәтижесінде өтімді қоқыс (жел, дауыл құлатқан ағаштар) пайда болған табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде, оны жинауға жеке және заңды тұлғаларды шарт негізінде тарту;
3) аумақтық бөлімшелермен келiсе отырып жобалау және техникалық құжаттамаға сәйкес мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдалануды жүзеге асыру үшiн қажеттi құрылыстар мен ғимараттар салу;
4) өздерi өсірген және (немесе) дайындаған өнiмдi өткiзу және алынған табыстарды пайдалану;
4-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен балық шаруашылығын және балық өсіруді жүргізу;
5) жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануға арналған ағаш кесу және орман билеттерiн беру;
6) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде қысқа мерзімді орман пайдалану шарттарын жасасу құқығы бар.
2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Орман кодексі
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы