24-бап. Республика Президентiнiң актiлерiне өзгертулер мен толықтырулар енгiзу, сондай-ақ олардың күшiн жою тәртiбi Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы Конституциялық заңы
1. Өзгертулер мен толықтырулар:
1) Республика Президентiнiң жарлықтарына Президент жарлықтарымен енгiзiледi;
2) Республика Президентiнiң өкiмдерiне Республика Президентiнiң өкiмдерiмен енгiзiледi.
2. Республика Президентi жарлықтарының күшiн жою Республика Президентi жарлықтарымен, Республика Президентi өкiмдерiнiң күшiн жою Республика Президентiнiң жарлықтарымен және өкiмдерiмен жүргiзiледi.
3. Республика Президентiнiң бiрдей заң күшi бар актiлерiнiң арасында алшақтық туындаған жағдайда, егер Республика Президентiнiң тиiстi актiсiнде өзгеше көзделмесе, кейiнiрек күшiне енген акт басшылыққа алынуға тиiс.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 Конституциялық заңы.
Осы Конституциялық заң Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретiн, ұйымдастырылуы мен қызметiнiң тәртiбiн белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы