24-бап. Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы Қазақстан Республикасының Заңы Саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының, сондай-ақ осы Заңға сәйкес ақталған, мүгедектiгi бар немесе зейнеткер болып табылатын осы Заңның 2-бабында аталған саяси қуғын-сүргiндерден зардап шеккен адамдардың:
қамауда болған, жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеген, айдауда болған, арнайы қоныстарда бостандығын шектей отырып, мәжбүрлеп еңбекке тартылған және психиатриялық мекемелерде мәжбүрлеп емделген уақыттарын зейнетақы алу үшiн еңбек стажына - үш еселенген мөлшерде есептеуге;
кезектi еңбек демалысын өздерiне қолайлы уақытта алуға, сондай-ақ жылына екi аптаға дейiнгi мерзiмге жалақысы сақталмайтын қосымша демалыс алуға;
жекешелендiру купондарын сақтай отырып, тұрғын үй-жайды меншiкке тегiн алуға;
бiрiншi кезекте телефон орнатуға;
бау-бақша қоғамдарына және тұрғын үй-құрылыс кооперативтерiне бiрiншi кезекте кiруге;
қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелерге (ұйымдарға) бірінші кезекте орналасуға, оларда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық мемлекеттің қамтамасыз ету жағдайында тұруға;
протез-ортопедиялық бұйымдарымен жеңiлдiктi қамтамасыз етуге;
ақталуға байланысты мәселелер бойынша адвокаттардан тегiн кеңес алуға құқылы.
Саяси қуғын-сүргiндер құрбандарына, мүгедек болып қалған және зейнеткер болып табылатын, саяси қуғын-сүргiндер салдарынан зардап шеккен адамдарға тұрғын үйдi ұстау, коммуналдық қызмет көрсетулер (орталықтандырылған жылу, суық және ыстық сумен жабдықтау, канализация, электрмен жабдықтау, қоқыс шығару, лифтiлерге қызмет көрсету) үшiн, телефонды пайдаланғаны үшiн, қалалық жолаушылар көлiгiнiң барлық түрiмен (таксиден басқа) жүруге және темiр жолда, су, әуе, қалааралық көлiкте жылына бiр рет жүруге жұмсалатын шығындарды төлеу үшiн арнаулы мемлекеттiк жәрдемақы төленедi.
Жоғарыда аталған жеңiлдiктердi алу үшiн халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті орган бекіткен бiрыңғай үлгiдегi куәлiк негiз болып табылады.
Басқа мемлекеттерде - КСР Одағының бұрынғы одақтас республикаларында саяси қуғын-сүргiндерге ұшыраған, бiрақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және оның азаматы болып табылатын ақталған адамдар осы бапта көзделген барлық жеңiлдiктердi пайдаланады.
Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - ҚР 1998.12.17 № 323, өзгеріс енгізілді - ҚР 1999.04.07 № 374; 24.11.2021 № 75-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегі N 2200 Заңы.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi жаппай саяси қуғын-сүргiндерге ұшыраған адамдарға қатысты әдiлеттiлiктi қалпына келтiруге батыл бел байлап, осы қуғын-сүргiндердiң барлық құрбандарын ақтау, оларға тигiзген моральдық және материалдық залалды қазiргi уақытта барынша мүмкiн болатын өтеудi қамтамасыз ету мақсатында осы Заңды қабылдайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы