Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 245-бап. Қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының Экология кодексі

245-бап. Қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының Экология кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

245-бап. Қала құрылысы және құрылыс қызметін жүзеге асыру кезіндегі экологиялық талаптар Қазақстан Республикасының Экология кодексі 

      1. Қоршаған ортаға әсер етуге міндетті бағалау немесе стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу кезінде белгіленіп отырған қызметтің немесе әзірленетін құжаттың жануарлар дүниесінің жай-күйіне, мекендеу ортасына, жануарлардың миграциясы жолдары мен көбею жағдайларына ықпалы ескерілуге және бағалануға тиіс, сондай-ақ жануарлар дүниесі объектілерінің мекендеу ортасы мен көбею жағдайларын, жануарлардың миграциясы жолдары мен шоғырлану орындарын сақтау жөніндегі іс-шаралар айқындалуға тиіс, сондай-ақ жабайы жануарлардың мекендеу ортасы ретінде ерекше құнды болып табылатын учаскелерге қолсұғылмаушылық қамтамасыз етілуге тиіс.

      2. Ғимараттарды, құрылысжайлар мен олардың кешендерін жануарлар мен олардың мекендеу ортасын қорғаудың техникалық және инженерлік құралдарымен жабдықтамай пайдалануға беруге тыйым салынады.

      3. Теміржолдарды, автомобиль жолдарын, магистральдық құбыржолдарды, байланыс жолдарын, жел электр станцияларын, сондай-ақ каналдарды, бөгеттерді және өзге де гидротехникалық құрылысжайларды орналастыру, жобалау және салу кезінде жануарлардың миграциясы жолдарын сақтауды және қырылуын болғызбауды қамтамасыз ететін іс-шаралар әзірленуге және жүзеге асырылуға тиіс.

      4. Жануарлар көбейетін жерлерде жоғары шу көзі болып табылатын жару жұмыстарын және басқа да жұмыстарды жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасында шектеледі.

      5. Су объектілерінде гидротехникалық және өзге де құрылысжайларды пайдалану, су объектілерінің гидрологиялық режимін және олардан су тұтыну режимін белгілеу, сондай-ақ жабайы жануарлардың және аквашаруашылық объектілерінің мекендеу ортасының жай-күйіне ықпал ететін немесе ықпал етуі мүмкін өзге де қызмет жануарлар дүниесін қорғау талаптары, аңшылық және балық шаруашылықтарының, сондай-ақ аквашаруашылық мүдделері ескеріле отырып жүзеге асырылуға тиіс.

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы