Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 25-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспорты Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңы

25-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспорты Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

     25-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспорты Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы Заңы 

     1. Қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бар мемлекеттiк органдар әрбiр осындай аумақ бойынша белгiленген үлгiдегi паспортты толтырады және оны уәкiлеттi органда тiркейдi.

      Тiркелген паспорттың әрбiр данасы түпнұсқа болып табылады.

      Республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және тіркеу (қайта тіркеу) қағидаларын уәкілетті орган бекітеді.

      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың паспортында:

      1) түрi мен санаты көрсетiлген ерекше қорғалатын табиғи аумақтың атауы;

      2) ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту жөнiндегi мемлекеттiк орган актiсiнiң атауы, нөмiрi және қабылданған күнi;

      3) қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар мемлекеттiк органның атауы;

      4) заңды тұлға мәртебесi жоқ ерекше қорғалатын табиғи аумақты қорғау жүктелген ұйымның атауы;

      5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың туристiк инфрақұрылымы, географиялық координаттары, шекарасының сипаттамасы, аумағының көлемi және күзет аймағы көрсетiлген карта-схемасымен бiрге орналасқан жерi;

      6) ерекше қорғалатын табиғи аумақта орналасқан мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң сандық және сапалық сипаттамасымен бiрге олардың тiзбесi;

      6-1) ерекше қорғалатын табиғи аумақ объектілерінде "Ғылыми табиғи объект – ұлттық игілік" мәртебесінің болуы;

      7) ерекше қорғалатын табиғи аумақтың функционалдық аймақтары және олардың күзет режимi түрлерi, жер учаскелерiнiң аралас меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар, олардың күзет аймағындағы табиғат пайдалану жөнiндегi мiндеттемелерi мен ауыртпалықтары туралы мәлiметтер;

      8) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда қызметтiң рұқсат етiлген және тыйым салынған түрлерi, сондай-ақ жекелеген қызмет түрлерiне қойылған шектеулер;

      9) келiп көру ережесi, жұмыс режимi, рекреациялық жүктеме көрсетiледi.

      3. Табиғат қорғау ұйымының паспорты табиғат қорғау ұйымында, өзiнiң қарауында осы табиғат қорғау ұйымы болатын мемлекеттiк органда және уәкiлеттi органда болады.

      Мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң, мемлекеттiк табиғи қаумалдардың, мемлекеттiк қорық аймақтарының паспорты ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аталған түрлерiн қорғау бекiтiлiп берiлген ұйымда, өзiнiң қарауында осы ұйым болатын мемлекеттiк органда және уәкiлеттi органда сақталады.

      Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген паспорттар уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

      4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың нысаналы мақсаты өзгерген, ол қайта ұйымдастырылған, кеңейтiлген жағдайларда оның паспорты қайта тiркеуден өткiзiледi. 

 

Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 175 Заңы. 

      Осы Заң ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар, сондай-ақ ұлттық, өңiрлiк және дүниежүзiлiк экологиялық желiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн құру, кеңейту, қорғау, қалпына келтiру, орнықты пайдалану және басқару жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы